Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Осыдан ұрып көр, түрмеде шірітем”. Әйелін ұратын еркектерге заң күшейеді

Мәжілісмендер күйеуінен қорлық көріп жүрген келіншектердің тағдырын үш сағат талқылады.

Өйткені, елімізде әйеліне ғана әлі жететін еркектер көбейіпті. Олар көбіне араққа тойып алып немесе отбасындағы  түрлі қиындықты, қаржы тапшылығын көтере алмай шу шығарады екен. Ал жанжалдың азабын көріп жатқан әдеттегідей әйел-баласы мен кәрі ата-анасы.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Былтыр 26 мың ауыр қылмыс жасалған. 853 адам қасақана өлтірілді. Бұл қылмыстың көбі отбасылық ұрыс-керістен шыққан.

Қазір әйеліне қол көтергендерге айыппұл салады немесе 3 сағатқа  абақтыға жабады. Қылмыстық іс қозғау үшін келіншектер қайта арызданып, таяқ жегенін дәлелдейтін құжаттар жинауы тиіс. Бұл ұзақ шаруа. Сондықтан полицейлер сүйген жарын көкала қойдай сабап тастағандарды әкімшілік жауапқа тарту керек деп отыр. Депутаттар бұған бірден қарсы шықты.

Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты:

-Жанұядағы заңбұзушылықтың барлығын әкімшілік жазадан қылмыстық жазаға ауыстыруымыз керек. Ол қылмыс. Ол қалай әкімшілік жаза болып саналу керек?

Азап шегіп жүрген әйелдер ғана емес. Келіншегінің қыңыр мінезінен мезі болған еркектер де шағымданады екен. Оларға көбіне психологиялық көмек көрсетіледі. Ал, жылына отбасы алдындағы міндетін орындай алмаған мыңнан астам ерлі-зайыпты ата-ана  құқығынан айырылып жатыр. Салдарынан тірі жетімдердің саны да еселеп артқан. Қазір 12 мың жанұя полицейлердің бақылауында тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз