Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Орысша ән айтатын әншілер ешкімге керек емес

320

Соңғысы туралы айтайын. Біздегі біраз әншілердің орысша ән айтуы, болмаса, Ресейдегі қайдағы жоқ конкурсқа барып, одан жүлде алғанын бұлдауы. Киркоровпен дуэт орындағанын әлдеқандай қылуы.

Тіпті, болмаса, орыстар да, шалақазақтар да көрмейтін сериалды орыс тілінде түсіруі – мұның бәрі, айналып келгенде, мәдени тәуелділіктің белгісі. Басқа ештеңе де емес.

Шоу-бизнестегі Ресейдің алдындағы тәуелділіктен қалай арыламыз? Әрине, өз шоу-бизнесімізді жазып, насихаттау арқылы. Солайынан әлі күнге орысша ән айтып жүрген әншілерді керексіз қыламыз. Олар қазірдің өзінде ешкімге керек емес.

Содан шығар, кейбір “ақылмандардың” – “қазақ сайттары шөп-шалам, өсек-аяң жазатын болды. Баян басымызға шықты. Қыдырәлі қанымызды ішті”, – дегендерін түсінбейміз. Қорықпаңыздаршы, одан қазақ құрымайды. Одан ұлт ұсақталмайды.

Бұл – біздің шоу-бизнес. Бұл – біздің Баян. Бұл – біздің Қыдырәлі. Оны біз жазбасақ, ешкім жазбайды. Одан трагедия жасаудың қажеті жоқ.

Айналып келгенде, бұл да тәуелділіктен арылудың бір жолы. Ал сіздер өсек-аяң дейсіздер.

Думан БЫҚАЙ, 

Фейсбуктегі парақшасынан алынды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз