Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Оралда жүкті әйел отырған “жедел жәрдем” соқтығысты

Кейін белгілі болғандай, жедел жәрдем кардиологтың кеңесін қажет ететін жүкті әйелді медбикенің сүйемелдеуімен Облыстық жүрек орталығына апара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан салон ішіндегі жүкті әйел мен медбике жарақат алды.

“Тағы бір жедел жәрдем бригадасы жүкті әйелді медбикемен бірге Облыстық перинаталдық орталыққа тасымалдады. Мұнда ол тексеруден өтті, әйелдің жағдайы қанағаттанарлық, бала да зардап шеккен жоқ. Дегенмен, ол ықтимал теріс салдардың алдын алу үшін жүктілік мерзімі 35-36 апта болғандықтан, медициналық бақылау үшін ауруханаға жатқызылды. Жүргізуші зардап шеккен жоқ”, — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау бөлімінде.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз