Жаңа жобаға компаниялар тобының қайырымдылық операторы — «Samruk-Kazyna Trust» қоры 211 миллион теңге қаржы бөлді. Бұл қаражат ғимараттың заманауи дизайнын жасауға, кеңістікті қазіргі заманғы жиһаздармен және озық технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталды.
Соның нәтижесінде «OzgeEpic Oral» хабында театр және көрме залдары, музыкалық және анимациялық дыбыс жазу студиялары, коворкинг аймақтары мен білім беру алаңдары ашылды. Хаб базасында тұрақты түрде шеберлік сабақтары, көрмелер және мәдени іс-шаралар өткізіліп, жаңа жобалар қолға алынады.
Жаңа креативті хаб Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасымен, «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының серіктестігі арқылы іске асырылды.