Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Оралда мұғалімдер оралмал таққан оқушыларды мектепке кіргізбей қойды

Көздері жәудіреп, мектептің кіреберісінде қаз-қатар тізіліп отырған оқушылардың өзгелерден ерекшелігі  – бастарындағы  ақ орамалдарында. Бір айдан бері емін-еркін білім алып келген қыздар екі күннен бері сыныптарына кіре алмай жүр. Нақтысы, орамалды шешуді талап еткен мектеп басшылығы кіргізбей қойған. Өйткені мектептің ішкі тәртібі баршаға ортақ. Алайда кешелі бері заңгерлермен кеңесіп жүрміз деген ата-аналар заң тұрғысынан әрекет етпекке бекініпті.

“Ары қарай құзырлы органдарымен жұмыс жасаймыз. Біз айғай-шу көтергіміз келмейді. Біз тек өз құқығымызды қорғамыз келеді. Және олардың талаптарына біз де заң жүзінде жауап береміз деп ойлаймын”

– дейді ата-ана Тілекжан Жантілеуов.

Ал білім басқармасындағылар 2016 жылдан бері әр мектеп өзіне біріңғай мектеп формасын енгізгенін айтады. Ол орамал болсын, боянып келу болсын, қысқа киім болсын – барлығына тыйым салынған.

“Барлық мектептер баланың киім үлгісіне қатаң талап қояды, сол себептен білім туралы заңда көрсетілгенбарлық талаптарды ата-аналар орындау керек”, – дейді Батика Пайдина.

Бұған дейін Жаңаөзен мен Ақтөбе қалаларында да орамал таққан оқушылар мектепке кіргізілмей, үлкен дау туындаған еді. Онда да баламыз бас киімсіз жүрмейді деп ашынған  ата-аналар, бірнеше аптадан соң қыздарын орамалсыз мектепке ертіп келген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз