Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Оралда биіктен құлап, темірге қадалған жігіт бір ғажаптың күшімен аман қалды

“Пойыстан ұстап тартып тұрдым да бұрап жатқанда аяғым тайып кетті, қолым да шығып кетті. Есімде бар қалай қадалып тұрғаным. Бүйтіп қарадым екі шытыр шығып тұр. Аяғымды қозғадым істеп тұрған сияқты. Жігіттерге айттым алды артымнан ұстай тұрыңдар жедел-жәрдем келгенше ауыртып  бара жатыр деп”, – дейді Қайрен Баймолдин.

Темір қоршауға қадалып жатқан Қайренді төтенше жағдай мамандары қоршауды аралап алып, ауруханаға денеге қадалған темірлерімен жеткізген. Оған төрт сағат бойы операция жасаған мамандар тірі қалуы екіталай деген болжам жасаған еді. Қазір жағдайы қалыпты. Ал Баймолдин шатырын жаппақ болған дәмхананың қожайыны әлі күнге ауруханаға аттап баспапты. Құрылысшының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған жұмыс берушінің кінәсі дәлелденсе жауапқа тартылады. Естеріңізге сала кетейік, оқыс жағдай 18 қазанда болған. 48 жастағы құрылысшы дәмхананың шатырын жабамын деп биіктен құлап, темірге шаншылып қалған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз