27 жастағы Сайрам тұрғыны Әбілқасым Қадырахунов қасына өңшең жастарды жинап алып, «Ислам мемлекеті» ұйымының қатарына қосылуды уағыздаған, деп хабарлайды КТК арнасы.
Осы Қадырахуновтың кесірінен қанша қазақтың Сирия мен Иракқа аттанғаны белгісіз. Бір анығы, ол үгіт-насихатын әлеуметтік желілерде ашық жүргізіпті. Сондықтан, құзырлы орындарға экстремисті табу қиындық туғызбаған.