Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Ол неге тығылып отыр?”. Мәсімовке қатысты жаңа дерек белгілі болды

https://kaz.365info.kz/ketip-barady-eken-sarapshy-bilikte-ylken-ozgeris-bolatynyn-ajtty-324046

Әлеуметтік сақтандыру, жүргізіліп жатқан жекешелендіру – жалпы, үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстың бәрі көптеген көкейтесті сұрақтар тудыруда. Бұл сұрақтар жекелеген министрлердің ғана емес, бүкіл атқарушы биліктің жұмысына көңіл толмағандықтан орын алып отыр.

Міне, сондықтан үкімет ауысады ма екен, деген сұрақ туындап отыр.

Кейбіреулер, тіпті, үкіметбасы болуға лайықты деген үміткерлердің атын атап жатыр,

– дейді сарапшы.

Оның айтуынша, қалыптасқан дәстүрге сәйкес, біздің үкімет айтылған сынды өз атына қабылдап, барлық әлеуметтік қиыншылықтарды ушықтырмай, шешіп отыруға қабілетті болуға тиіс. Алайда қазіргі үкімет осы мәселелерді еңсере алмай отыр. Ол аз болса, үкімет, тіпті, ауызбіршілік таныта алмауда:

министрлердің алауыздығы, премьер мен оның орынбасарлары арасындағы дау-дамайлар көзге ұрып тұр.

Ал президенке туындап жатқан қиындықтарды шешетін, тиімді жұмыс істеуге қабілетті үкімет керек. А бізде ол жоқ.

https://kaz.365info.kz/bygaltyr-khatelesipti-sagyntaev-deputattar-aldynda-khara-terge-tysti-319891

Сондықтан кадрлық ауыс-түйістердің ауылы алыс емес сыңайлы. Мүмкін кейбір салалар жаңа басшылармен күшейтіледі немесе үкімет толық отставкаға кетеді. Алайда бізде үкіметтің ауысуы министрлердің 15-20 процентін ауыстырумен және шағын әкімшілік реформамен шектеліп жатады.

Қасымов қозғала қоймас

Бұдан кейін, саясаттанушы кштік құрылымдар басшыларының жұмысына тоқталыпты.

— Қателеспесем, осы лауазымда отырғаны бойынша Қасымов рекодтық көрсеткішке жетіп отыр. Министрдің орнынан кететіні туралы әңгіме сан мәрте айтылғанымен, оның барлығы сол сөз күйінде қалуда – Қалмұқанбет Нұрмаханбетұлы орнынан қозғалар емес.

Иә, министрлік жұмысына көңіл толмаушылық бұрын да болған, қазір аз болып отырған жоқ (шынтуайтқа келсек, бұл үйреншікті дүние). Басқа генералдардың бірі болса, баяғыда-ақ қызметімен қош айтысушы еді. Бірақ мемлекет басшысы Қасымовқа үлкен сенім артатын сыңайлы. Оның да жөні бар:

ол министрлікті басқарып қана қоймай, сонымен бірге Елбасына ерекше адалдық танытып отыр.

Мәсімов не дейді?

— Соңғы жылдарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілеттері елеулі кеңейтіледі. Атап айтқанда, сыртқы барлауда. Ақпараттық кеңістікті бақылауда және экстремизмге қарсы күресте. Тіпті, көп жылдан бері кіріспеген экономика саласына да араласа бастады.

Алайда осыған қарамастан,

Мәсімов «көлеңкеден» шығар емес. Ведомствоның өкілеті кеңейген сайын Кәрім Қажымқанұлы тасаға тығыла түскен сыңайлы.

https://kaz.365info.kz/m-simov-prezidentti-ma-ajyn-zhem-orlardan-tazartuda-ajs-ltan-nazarbaev-245777

Ол тек спорттық және салтанатты шаралар кезінде көпшілік алдына шығуды әдетке айналдырған.

Сөйтіп, ол комитет өкілеттілігімен қатар, өз беделінің, ықпалының асқақтай түскенін көрсетуге жол бермеуге тырысуда.

Бұдан бөлек, ҰҚК-ның басшысы басқа күштік құрылымдармен араздасуға жол бермеуге ұмтылып отыр. Сөйтіп, ол жемқорлыққа қарсы күрес ісіне, басқа салаларға араласпайды. Яғни, комитет қызметі күшейтілгенімен, ол әзірше, ешкімге соқтықпай, өз жұмысы шеңберінде ешқанадай дау-дамай, жанжал тудырып отырған жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз