Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ақтауда ақшаны бөлек береді…”. Кенжебек Жанәбілов қалай байығанын айтты (видео)

168

Кенжебек Hit-TV арнасының “Кездер-ай” бағдарламасына сұхбат беріп, “Музартқа” алғаш келген кезін еске алды.

«Музарт» тобына қосылу үшін оқуымды тастап келдім. Ең бірінші жазған әніміз – «Анаға сәлем» болды. Жазып жатырмыз. Қайрат Жәнібеков деген ағамыз болды, марқұм болып кетті. Сол кісінің студиясында жазып жатырмыз. Мейрамбек аға жазып бітті.

Мен сәлден кейін жазайыншы деп едім, Сәкен аға кіріп кетті. Мейрамбек аға екеуміз сыртқа шығып кеттік. Сонда ол: «Кенжебек, қарашы! «Музартқа» келгендегі бірінші әнің ана туралы болып отыр.

Анаң бір аунап жатқан шығар», – деді. Жүрегім елжіреп кетті. Мен ойламаған нәрсені, Мәкең ойлап тұр», – деп еске алады Кенжебек.

 

 

 

https://kaz.365info.kz/barmagan-zherimiz-zhokh-kenzhebek-zhanabilov-zhalgyz-ylynyn-derti-zhajly-ajtty-267293

Біраз әндер жаздырған соң, Кенжебек топтағы ағаларымен бірге Ақтауға жол тартады. Онда тойда ән салып, қыруар қаржыға кенеледі. Мұндай жайтты ауылдан келген қарапайым жігіт күтпеген.

 

https://kaz.365info.kz/zhauap-beremin-kenzhebek-zhanabilov-koptin-kokejindegi-kydikti-sejiltetinin-ajtty-306441

«Мәрияш және Қосай деген біздің көкелеріміз болатын. Ақтауда білесіздер, бөлек беретіні бар. Менің жаңадан келіп жатқан кезім. Бірнеше ән айттық.

Анау келіп 100 доллар ұстатады, екіншісі келіп 10 мың теңге ұстатады. Ондай ақшаны біз көрмегенбіз.

Сөйтті да Мейрамбек пен Сәкен ағамыз: «Кенжебек, топқа жаңа келуің ғой. Мә, сенің табысың мол болсын», – деді да бүкіл елдердің қыстырған ақшасын маған берді.

Әңгіменің ашығы, санадым. 2 мың доллар берді. Бұл кісілердің маған деген мәрттігі. Бұл кісілердің маған деген көңілдерінің ақ екенін білдім да, ешқашан ақшаға санасқан емеспін. Не береді, соны алып жүре беремін. Тәубе етсең, Алла ақшаның берекесін арттырады”, – дейді Кенжебек.

 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз