Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
430
-2.45
EUR
505
-1.23
RUB
5.55
+0.03

“Ойбай, сұғасыз қазір!..”. Полицейге пышақ ала жүгірген жас келіншек неге ашынғанын айтты (видео)

Тағы да сол пәтер дауы. Тағы да сол пәтерден тарыққан қазақ. Үйіне баса-көктеп кірген полицейлер мен сот орындаушыларына қарсы шыққан жалғызбасты-ана шарасы қалмағандықтан әлгілерге пышақ ала жүгіріпті. 

Жұлдызай Андасбаеваның бесіктен белі шықпаған екі баласы бар. Жалғыз үйінен басқа дәнеңесі жоқ.

https://kaz.365info.kz/shygyl-ket-ol-zhakhtan-zheli-kholdanushysy-dimashkha-khatysty-dabyl-khakhty-video-317981

Алайда жүрексіз полицейлер жоғарыдан түскен бұйрықты орындауға келгенін айтып, Жұлдызайды екі баласымен бірге үйден шығаратынын айтады. 

Есікті бұзып кірген әлгілерге жалғызбасты ана пышақ ала жүгіріпті. 

Жұлдызайдың айтуынша, пәтерді осыдан 11 жыл бұрын “Халық банкінің” ипотекасы арқылы сатып алған. Алайда кейіннен банк қызметкері хабарласып, несиені  төлеу кестесі жаңадан жасалып жатқанын осы себепті төлемді уақытша тоқтата тұруын өтінген екен. 

Банктің пәтерді сатуға қойғанын Жұлдызай кейін бір-ақ білген. Банк үйді сатып та жіберген. Баспананың жаңа иелері сатып алған үйлеріне қоныстана алмай жүргеніне төртінші жыл болыпты. 

«2013 жылы бұл үйді банктен сатып алдық. 2014 жылы Жұлдызай Андасбаеваны пәтерден шығару туралы шешім қабылданды. Осымен бесінші рет бұл отбасыны үйден шығармаққа бекініп келіп отырмыз. Заңды сатып алған баспанаға қоныстана алмай отырғанымызға 4 жыл болды. Неше түрлі сылтау айтып, пәтерден шыққысы жоқ. Біздің кінәміз жоқ, арыз-шағымы болса банкке айтсын” – дейді үйдің жаңа иелері.

Ал банк болса  тіптен ат-тонын ала қашуда. “Халық банк” қызметкерінің айтуынша Жұлдызай Андасбаева ешқашан банк клиенті болмапты. Аталған пәтерді сатып алу үшін несиені басқа адамның атына рәсімдеген. 

“Үйді алуы алды. Бірақ, несиесін төлеген жоқ. Банк 7 жыл шылдап келді. Ақыры үйді сатуға қойды” дейді “Халық банкінің” Алматыдағы филиал басшысы Тасбике Құдықова. 

https://kaz.365info.kz/taksavat-etudi-bilmejsin-zhelini-zhargan-videny-kordiniz-be-18-317999

Айтпақшы, пәтерді делдал арқылы алғанын Жұлдызайдың өзі де мойындап отыр. Айтуынша, алыпсатарға алданып қалуы әбден мүмкін. Сол  себепті пәтерді босатып берер түрі жоқ. 

“Екі баламмен мына заманда қайда барамын?” дейді ол.

Ал есікті бұзып пәтерге баса-көктеп кірген полицейлердің бұл жолғы әрекетінен түк шықпады. Олар енді екі күннен кейін қайтып оралмақшы. 

https://kaz.365info.kz/balniste-oryn-zhokh-meningitten-koz-zhymgan-bala-men-kelinnin-anasy-ashhy-shyndykhty-ajtty-318013

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз