Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Ой, құрысын”, – дейді бәрі”. Мейрамбек Беспаев неге ашынып жүр?

133

Бұл туралы Бесбаев Zhuldyz.tv арнасының «Сенбілік серуен» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

https://kaz.365info.kz/mejrambek-bespaev-ninety-one-zhigitterin-koshedegi-bes-adamnyn-ekeui-yryp-ketkisi-keledi-274076

“Отбасыңмен, достарыңмен демалғанға ештеңе жетпейді ғой. Жазда мен міндетті түрде, шамам келгенше шетелге барып демалғанды жақсы көремін. Қазақстанда жақсы жерлер, керемет жерлер көп. Бурабайдан бастап Сарыағашымызды айтайық, Өскемендегі Қатон-Қарағайдың өзі не тұрады?!

Әттең, біз ойлағандай баға емес. Мен өзімді айтып тұрған жоқпын, қарапайым халық ол жерде демала алмайды.

Сосын бізде сервис өспеген. Ақтауда болсын… Удай бағаға анадай сервисте демалғанша, Түркияға барып, рахаттанып 10 күн шомылып келген жақсы. Басың да ауырмайды, ештеңеге жүйкеңді жұқартпай, қан қысымың көтерілмей, жақсы демалып келген жақсы. Өз елімізде қандай жерлеріміз бар, қалай сервисті көтереміз, мен әлі түсінбей жүрмін”  – дейді әнші.

https://kaz.365info.kz/zhalanashtardy-khyrtamyn-mejrambek-bespaev-ne-dejdi-273992

Бұдан өзге, Бесбаев қызмет көрсетушілердің танымал тұлғалар мен бастықтарға жіті көңіл бөлетінін айтып қалды. Алайда қарапайым халыққа келгенде бәрі керісінше деп ашынды әнші.

“Өзім Қазақстанда демалып көрдім, тыныштық жоқ. Сосын мені танығаннан кейін бірдеңелерді жасап жатады. Бірақ басқа қарапайым халықтан сұраймын ғой… «Ой, құрысын», – дейді бәрі. Ылғи шағымданатындары осы. Тек бастықтарды ғана күтетін жағдайда жүрміз қазір. Әлі сол. Бастық келе ма, оның танысы келе ма, оны өлтіріп күтеміз. Аузы-мұрнынан шығарып, тіпті, ақшасын алмай кетеміз. “Ойбай, ұят. Бастық айтқан болмайды. Сіз төлесеңіз, ренжимін” деп шығарып салады біздің қазақтар. Ал қарапайым халыққа келгенде ондайды көрмедім”, – дейді Мейрамбек Бесбаев.

https://kaz.365info.kz/men-ondajlardy-okhymajmyn-mejrambek-bespaev-bayan-makhsatkhyzynyn-kitabyna-khatysty-pikir-bildirdi-273941

 

Мақала ВК-дағы “Атамның басы-ай” тобында талқыланып жатыр.

 

Аян Мырзабек

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз