Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
7
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының грант иегерлері ғылым, мәдениет және коммерциялық емес сектордағы жетістіктері туралы айтып берді

Олардың барлығы әр жылдары өз әлеуеті мен кәсіби өсуін дамыту үшін қолдау тапқан Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранттары иегерлері мен лауреаттары. «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының гранты: Менің жетістігімнің тарихы» мерекелік таныстырылым онлайн-форматта өтті.

Салтанатты шараны аша отырып, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов биылғы жылы қорға 20 жыл толатынын атап өтті, сонымен қатар барлық серіктестерге, жобалар мен байқауға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә.Назарбаевтың идеяларын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Біздің тұсаукесерімізді өткізу Елбасының мерейтойымен тұспа-тұс келді. Бұл, әрине, бүгінгі іс-шараның маңыздылығын арттырды, өйткені Қор – ел үшін жүзеге асырылған Нұрсұлтан Әбішұлының бірегей және стратегиялық маңызды жобасы. Қордың қоғам өміріндегі маңызды рөлін бағалау оңай емес, өйткені оның қызметі жаңа бағыттарды:  ғылыми-зерттеу әзірлемелерді, өнерді, әлеуметтік маңызды жобаларды дамытуға толық бағытталған. Жұмыс істеген жылдары Қор көптеген мамандарға өз таланттарын ашуға мүмкіндік берді. Игі және қажетті миссияларды жүзеге асыруға бастау алды. Біздің лауреаттар мен грант иегерлері болашақ ұрпақ үшін бағдар болып, өнердің, қоғамның, ғылымның, техниканың, инновациялар мен экономиканың дамуына елеулі үлес қосады,– деді Игорь Рогов.

Бұл ретте сөз сөйлеуші Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленовті таныстыра отырып, Қор өз лауреаттарының шығармашылық табыстары мен кәсіби жетістіктерін мұқият қадағалайтынын атап өтті. 2018 жылы Мирас Дәуленов Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған «Үздік жас заңгер» байқауының жеңімпазы атанды.

Елбасы Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында білім мен ғылымның дамуына ерекше көңіл бөлді. Тіпті ең қиын жылдары да ол «Болашақ» стипендиялық бағдарламасына бастама жасады, еліміздің дамуына зор үлес қосты. Жуырда ғана он жылдығын атап өткен Назарбаев Зияткерлік мектептері мен Назарбаев Университеті әлемдік білім беру кеңістігінде қалыптасқан брендке айналды. Турбуленттілік кезеңінде мектептер, жоғары оқу орындары құрыла бастады, білім беру бағдарламалары, оқулықтар жетілдірілді, оқушылар мен педагогтарға үнемі қолдау көрсетілді, деп атап өтті Мирас Дәуленов. Нұрсұлтан Назарбаев қорының негізгі қызметі мәдениет, ғылым және азаматтық сектордағы жастар бастамаларын қолдауға арналған. Осы жылдар ішінде Қор жүздеген білім беру, әлеуметтік және қайырымдылық жобалар жүзеге асырған елдегі ірі алаңдардың бірі болды. Білім және ғылым министрлігі жыл сайын Қордың атаулы студенттік Стипендиялар байқауын өткізіп, соның арқасында 80 қазақстандық грант  иегерлері атанды. Ал грант байқаулары жастардың шығармашылық және ғылыми жобаларын жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік.

Тұсаукесерге қатысушыларға Қазақ КСР Халық әртісі, КСРО Халық әртісі, Қордың сенімді серіктесі және көптеген маңызды іс-шараларына қатысушы Әлібек Дінішев құттықтауы мен тілегін жеткізді.

Іс-шара барысында Astana Musical мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Еслям Нұртазин, «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұжымы, Neo-Ethno-folk –«ARKAIYM» дуэті, Абай атындағы МАОБТ  жетекші солисті Анастасия Кожухарова, экономика ғылымдарының кандидаты Жанар Темірбекова, профессор Қайсар Табынов, ҚР БҒМ жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Мақсат Жабағин, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-химиялық зерттеу және талдау орталығының бас ғылыми қызметкері  Болат Кеңесов, «Луара» қоғамдық қорының директоры Лаура Асырова, «Белсен «Әлеуметтік бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Гүлмира Пармышева және «Ұлттық Дельфий комитеті» КҚ директоры Құралай Туспекова мәдениет саласындағы жетістіктері мен ғылыми-зерттеу жобаларының нәтижелерімен бөлісті.

Мысалы, Еслям Нұртазин 15-тен астам мюзиклдер мен спектакльдердің қоюшы-режиссері, олардың ішінде «Нотр-Дам-де-Пари», «Қыз Жібек», «Ромео мен Джульетта»  және т.б. спектакльдері де бар. 2012 жылы Т.Жүргенов атындағы  ҚазҰӨА-да докторантуда оқып жүрген кезінде ол  қазақ тілінде «Ромео және Джульетта» мюзиклін қою үшін Қордың грантын иеленді. Бұл туынды Оңтүстік Кореяда халықаралық мюзиклдар фестивалінің алтын кубогын жеңіп алды.

Тек Қазақстанда ғана емес, шетелеге де  танымал болған «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамблі өзінің тарихын және дамуын Нұрсұлтан Назарбаев Қорының есімімен байланыстырады, өйткені Қордың қолдауының арқасында музыкалық топ ұжымы үлкен сахнаға жолдама алды.

Дарынды жас ғалым Мақсат Жабағин жалпы биология саласындағы Ресей Ғылым академиясының медаліне ие болған алғашқы қазақстандық.  Мақсат – генетик, оның жұмысы мен қазақ халқының гендік қоры бойынша зерттеулері қоғамдық сананы жаңғыртуға, атап айтқанда, Елбасы өз жұмыстарында әділ атап өтетін өзінің ұлттық кодын зерделеуге және сақтауға ерекше үлес қосады.

«Луара» қоғамдық қорының жетекшісі Лаура Асырова 2018 жылы әлеуметтік идеялар мен жобалар байқауында жеңіске жетудің арқасында Каспий жағалауында арбамен қозғалатын мүгедек балалар мен жастарға арналған бейімделген жағажай ашты.

Олардың әрқайсысы өз саласының жаңалық табушысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қорының лауреаттары мен грант иегерлері  өз атақтарын абыроймен көтеріп, ел өркендеуі үшін белсенді еңбек етуде.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз