Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Нығматулин: Елбасы тапсырмасын орындай отырып, қуатты көлік хабын құруға жағдай жасаймыз

Халық қалаулылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы үкіметаралық келісімді, сондай-ақ, Қазақстан мен Норвегия арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық келісімдегі заңнамалық түзетулерді ратификациялауға арналған заң жобаларын мақұлдады.

Н. Нығматулин атап өткендей, Өзбекстан және Норвегиямен жасалған келісімдер еліміздің көліктік инфрақұрылымын пайдалана отырып, жаһандық логистикалық жүйені қалыптастыруға бағытталған.

– Бұл Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін жүзеге асыру және Қазақстанның ең қуатты еуразиялық көліктік-логистикалық хабқа айналуы туралы жүктеген міндеттерін орындау үшін өте маңызды, – деді Мәжіліс төрағасы.

Келісімдерді ратификациялау жолаушыларды, сондай-ақ автомобиль көлігін, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін нормативтік-құқықтық базаны құруға мүмкіндік береді.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз