Air Berlin әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы сәл болмағанда Дюссельдорф әуежайындағы ғимаратпен соқтығыса жаздады.
Видеода ұшақтың әуежай терминалына жақын ұшып бара жатқаны байқалады. Бұл кезде ұшу-қону жолағы әуе кемесінің артында қалған.
Майами-Дюссельдорф рейсін орындаға Airbus A330 лайнерінің бірінші пилоты қауіпті маневр жасаған. Кейін белгілі болғандай, ол компанияның банкротқа ұшырауына байланысты өзінің қызметтен кеткенін естіген.
“Біз барлығынан лайықты түрде кешірім сұраймыз”, – деді экипаж командирі ZDF неміс телеарнасына берген сұхбатында. Жолаушылар болса ұшақтың кенеттен бұрылыс жасағанынан қатты қорқып қалған.