Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Неліктен басқаларға қарағанда шенеуніктер коронавирустан көбірек қорқады?

1666

Сурет ашық көзден алынды

Мәселен, ірі мемлекеттік органдар туралы айтпағанның өзінде, бір ведомстваның ішінде де өзара үйлесімділік жоқ. Ресми хабар секілді болғанымен, олар бір біріне қарама-қайшы келеді. Ал осындай түсініксіз жағдайға тап болған халық одан бетер үрейлене бастайды.

Мәлімдеу және теріске шығару

Мәселен, 11 наурыз күні бірнеше бұқаралық ақпарат көзі Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз ақпаратына сілтеме жасап, елдегі барлық спорттық іс-шаралардың тоқтылғаны туралы хабарлаған еді. Бірнеше сағат өткеннен кейін Дансаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау комитеті бұл жаңалықты жоққа шығарды.

Келесі күні ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттерінде: «Бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды» деп жазды.

Бұл мәселеге президенттің твитердегі жазбасы нүкте қойды. Бірақ мен не деймін, домбырам не дейді?

Бюрократия шектен тыс көп

Саясаттанушы  Замир Каражанов ресми хабарламаларды таратудағы тәртіпсіздік пен былыққа таңғалмайтынын айтты.

— Мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде министрлер кабинетінің жұмысында үйлесімділік жоқ

Үкімет отырысы өтеді, ал ведомстволар бір-біріне байланыссыз жұмыс істейді. Сәйкесінше, бұның салдары осындай жағдайға әкеледі, — дейді сарапшы.

Каражановтың пікірінше, тек ведомствалардың арасында ғана емес, мемлекеттік сектор мен жеке секторда да мұндай кемшіліктер бар. Жалпы алғанда, қазір медицина саласы үлкен пайдаға кенеліп отыр, себебі бізде ғана емес, Қытайда да медициналық маскаға сұраныс артып кетті. Егер медициналық өндірушілер жедел әрекет етсе, жаман пайда таппайды. Тек жедел жауап қата ала ма, деген сұрақ туындайды.

Қаражанов барлық проблема салғырттыққа келіп тіреледі дейді.

— Міне бірнеше жыл бойы

барлық мемлекеттік аппаратқа әкімшілік реформа жасау керек деп айтылды

Ол мобильді және шағын болуы керек. Бұл мәселені сарапшылар ғана емес, парламент те көтеріп жүр. Мәселен, жақында Азат Перуашев шенеуніктер көп болғаныман, олардың жұмысының тиімділігі шамалы деп мәлімдеген болатын. Бұны өзгерту керек, — дейді Қаражанов.

Бірақ бұл ұсыныстың шаң болып, сөреде жатқанына біраз уақыт болды.

Нақты және түсінікті сөйлеу керек

— Біздікілер неліктен

ресми мәлімдемелер мен баспасөз ақпаратына қарағанда, сыбыстар мен жалған әңгімелерге көбірек сенеді?

Себебі ресми ақпарат бірден, тез арада берілмеді. Өздерінің сөзін өздері жоққа шығарып жатса (немесе басқа бір ведомствоның) қалай сенуге болады? Халық олардан көп нәрсені күтпейді де, — дейді Қаражанов

Сарапшының әріптесі Эдуард Полетаев, керісінше, ақпараттық хаусты орындаушылар жасады деп есептейді.

— Жоғары қарқынмен шешім шығаруға мәбүр, бұндай жағдайға арналған жұмыс механизмі жүйеленбеген болса керек — деп есептейді.

Тағы бір проблема бар

«бейбіт» жағдайдағы түсіндіру жұмыстарының өзі  дұрыс жолға қойылмаған

— Қарапайым жағдайдың өзінде мемлекеттік органдардың өкілдері «ойына келген ақпаратты» айтып, қарапайып халықты жаңылдырып жатады. Ал форс-мажорлық жағдайда тез арада шешім қабылдау керек болған жағдайда, бұндай қатерліктер орын алатынын сөзсіз, —  дейді Полетаев.

Оның пікірінше, қазіргі құрылым қолайсыз және ебедейсіз.

— Онда алдына ала сақтандырып, он рет келісім алу керек, сен келісім алып жатқанда бәрі өзгеріп кетуі мүмкін. Біреу алдын ала шешім қабылдап, ол ақпараттық алаңға жеткенше, басқа біреу оны жоққа шығарып үлгереді, — деп түсіндірді саясаттанушы.

Мемлекеттік машина тез әрі нақты жұмыс істеуі керек

Полетаевтың пікірінше болған оқиғадан нақты қорытынды шығарып, шара қолдану керек. Қатаң жазалау емес, ұйымдастырушылық шаралар қолданған жөн. Мемлекеттік машина нақты және түсінікті жұмыс істеуі үшін, адамдар өзінің неге жауап беретінін анықтау керек.

— Нақты айтқанда, түрлі көзқарас болмауы үшін ұсынылған шаралардың барлығын анықтап жазып отыру керек. Мәселен, кинотеатрлер жұмыс істемейді деген ақпарат тарады. Ал ол СО-дан тыс жерде орналасқан кинотеатрларды жаба ма? Бұл шешім конференция, семинар, дөңгелек үстелдерге қатысты ма? Яғни барлығын жан-жақты қарастыру керек. Уақыт өте келе бұның бәрі ретке келеді деп үміттенемін, — дейді сарапшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз