Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Неге ажырасады?..”. Қостанайда туған қызын өлтірген ер адам сотта шешіле сөйледі

20 минуттан соң төмен қарай түсіп, қолыма пышақ алып, қызым Оксана отырған қазандыққа бардым. Неге өйттім, білмеймін. Бейқам отырған оның кеудесіне және арқасына жәй ғана екі-екіден пышақ сұғып алдым. Осыдан кейін есімді жиып, шошып кеттім, не істегенімді түсінгенде пышақты өз-өзіме сілтей бастадым.

Маған кешірім жоқ», – деп есіне алды сотталушы Сергей Клепиков.

https://kaz.365info.kz/basyn-zharyp-keudesine-pyshakh-sykhty-oralda-ene-kelinin-oltirdi-310699

Бұдан соң қансыраған ол өзімен кафеде сыра ішкен досы Юрий Войтокқа хабарласып, жедел жәрдем шақыруын өтінген. Сөйтіп Клепиков есінен танып қалған. Тек, ауруханаға қалай өзіне келгені ғана есінде.

Мемлекеттік айыптаушының неге қылмыс жасадың деген сұрағына Клепиков түсінікті жауап таба алмады. Ол өзінің туған қызын не себепті өлтіргенін, есіне түсіре алмай отырмын, дейді. Бірақ оны қалай пышақтағаны есінде екен. Ол тек қызымен жақсы қарым-қатынаста болғанын ғана айтуда.

«Біз ешқашан ұрсыспағанбыз. Мен оған бәрін беруге тырыстым. iPhone сатып алып беріп, кинотеатрға, кафеге алып бардым. Мен оған ешқашан дауыс көтерген емеспін, біз үнемі дос секілді сөйлесетінбіз», – деді Сергей Клепиков.

Айта кететін бір жайт,

айыпталушының бұрын да қолы қанға малынған. Көптеген жылдар бұрын ол өзінің әйелін өлтірген болатын. Ол айыптаушының 2004 жылы болған қылмысқа қатысты сұрағына ойланбай жауап берді. Ол бұл қылмысты ажырасып кеткеннен кейін және оны өлтіруге өз себептері болғанын айтты.

https://kaz.365info.kz/tyk-istej-almaj-khaldy-khostanajda-azhyrasyp-zhatkhan-erkek-sot-zalynda-ajelin-oltirdi-252290

Іс құжаттарына сүйенсек, 2004 жылы Клепиков әйелін, яғни қайтыс болған Оксананың анасын өлтіргені үшін 14 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 2016 жылы ол шартты түрде босатылып шығып, туған әпкесінің үйінде қызымен бірген тұрған. Ал 2018 жылдың 17 наурызында Клепиков жанжал кезінде туған қызын пышақтап өлтірген.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға туралы 18-наурызда белгілі болды. Бір күн бұрын, яғни 17-наурызда Қостанай қаласындағы №11 орта мектептің 15 жасар оқушысын өлтіріп кеткен болатын.

https://kaz.365info.kz/khylmyndadyn-goj-khonakhta-syjiktisin-khyzgangan-zhigit-ony-sabap-khylkhyndyryp-oltirdi-276500

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз