Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Не дейді-ей?”. Денсаулық сақтау министрі қос бүйрегі алынған жігітке қатысты өз ойын айтты

123

Оның атап өтуінше, бұл халықаралық тәжірибе және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қабылданған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Алтай батыр ауылының тұрғыны 22 жастағы Серікболсын Көшербай бас-ми жарақатынан қайтыс болғаннан кейін ақтөбелік дәрігерлер оның екі бүйрегін туыстарының келісімінсіз басқа науқастарға трансплантациялаған болатын. Осыған байланысты Серікболсынның туыстары сотқа жүгінуде.

https://kaz.365info.kz/zhyregi-bauyry-da-zhokh-dejdi-akhtobede-naukhastyn-khos-byjregin-rykhsatsyz-algan-darigerlerdin-basy-dauga-khaldy-video-267672

Қалай дегенмен де бұл министрдің жеке пікірі. Соттың шешімі қалай болар екен? Оны да күтейік. Өйткені бұл арада даулы нәрсе көп. Мысалы, министр айтып отырғандай, марқұм жігіт артына өзінің дене мүшелерін алуға наразылық білдірген хат қалдырмады делік. Дегенмен ол рұқсат беретін де хат қалдырған жоқ қой. Ол қайдан білсің, жастай жасындай кететінін.

Оған қоса, мұсылман екеніміз рас. Сондықтан кез келген ата-ана өлі болса да баласын о дүниеге сау, бүтін күйінде аттандырғанды жөн көреді. Өйткені діни сенім бойынша ол жақта сұрау деген бар. Бұл – талқылауға жатпайтын кез келген отбасы үшін өте қастерлі дүние. Сондықтан дәрігерлер өзі болмаған соң марқұмның ата-анасынан міндетті түрде рұқсат алу керек деп ойлаймыз. Бұл – енді біздің пікір. Төрелігін, әрине сот береді.

Трансплантацияға қатысты алғашқы қылмыстық іс 2015 жылы тіркелген

Тағы бір жағынан,

елімізде соңғы кездері трансплантацияға қатысты сотта тіркелген істердің басы көбейе бастапты.

https://kaz.365info.kz/byjregin-zharamajdy-alyp-tastajykh-dariger-sozine-aldanyp-khalmanyz-258155

Негізінде, Қазақстанда адам ағзасын еркінен тыс алып қоюға және оны біреуге салу немесе оны саудалауға Қазақстанның „Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы„ кодексімен тыйым салынған. ҚР Қылмыстық кодексінің 116-бабы, яғни „Адам ағзасы мен тіндерін еркінен тыс алып қою немесе соған мәжбүрлеу„ бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады екен.

ҚР Ішкі істер министрлігінің дерегі бойынша, Қазақстанда адам ағзасын заңсыз ауыстыру фактісі алғаш рет 2015 жылы тіркелген. Ол кезде тараптар 15 мың АҚШ долларына бүйректі сатып, оны салып беруге уағдаласқаны белгілі болды. 2016 жылы бүйректі сатып алушы 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылған.

Ал 2016 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 116-бабы, яғни „Адам ағзасы мен тіндерін еркінен тыс алып қою немесе соған мәжбүрлеу„ бойынша 2 қылмыстық іс тіркелген. 2017 жылы Алматыда тағы бір заңсыз бүйрек трансплантациясы тіркелген. Бұған қатысты қазір тергеу ісі жүргізіліп жатыр. Ал мұндай қылмыстық фактілер бар кезде, әрине әр нәрсе күдік пен күмән туғызады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз