Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Не боп қалды?”. Пашинян Назарбаевқа шұғыл телефон шалды

Арменияда бірін бірі ауыстырған екі биліктің де ҰҚКҰ жұмысына көңілі толмайды. Армян саясаткерлері кез-келген мәселеде Армения мен оның мүддесін Әзербайжаннан жоғары қоюды талап етуде», депті пікірімен бөліскен ол.

Алайда саясаттанушы атап өткендей, шынайы өмірде бәрі басқаша болып отыр.

«Ресей мен Беларусь Әзербайжанға әскери техника сатуда, кезекті Қазақстан тұр. Қазақстан қағаз жүзінде Арменияның одақтасы, ал іс жүзінде Әзіербайжанмен арадағы қарым-қатынасқа мүдделі, Әзербайжан жерінің тұтастығын қолдайды. Есімізде ғой, Армения Еуразиялық экономикалық одаққа кірерде Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянның көзінше Ильхам Әлиевтің хатын оқып берген», деп еске салады Шаиноглу.

Оның сөзінше, Назарбаевтың бұл мәселеге келгендегі ұстанымы өзгермейді.

«Қазақстанның ұстанымын өзгерте алмайтынын Пашинян да түсінеді. Сондықтан, Пашинянның Назарбаевқа телефон шалуының жалғыз себебі Астанаға Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымының армениялық жаңа бас хатшысын таныстыру мен ұсыну шығар. Мәскеуге Пашинянның бұл мәселе бойынша Астанамен ақылдасқаны ұнамайды, өйткені Ресей бұл ұйымды өзінің меншікті ұйымы деп санайды.

Пашинянның бас хатшы лауазымынан Юрий Хачатуровты алып, оны қамауға алмақ ниеті Мәскеу тарапынан күрт қарсылық туғызған. Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесіп, осы мәселені талқылау арқылы Пашинян Ресейдің ҰҚКҰ-дағы жалғыз қожайын емес екенін, өзге тараптардың да пікірін ескеру керек екенін айтқысы келді.

Ендеше, Пашинян жақын арада Беларусь президентіне де телефон шалады», деп болжайды маман.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз