Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-5
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

Назерке Әріптің анасы қылмыскерге соттан ең ауыр жаза сұрады

Оның айтуынша, қазір айыпталушы жазадан құтылуды ғана ойлап жүр.

«Ол қызымды өлтіргенін мойындап отыр. Бірақ оны зорлағаны, не себепті өлтіргені туралы айтпайды. Бар болғаны «есімде жоқ» деп ақталады. Менің оған қатысты дәлелім жетеді. Қызымның денесін тапқанда, Назеркенің іш киімі жоқ болып шықты. Ал, қылмыскердің анасы оның бала кезден зорлыққа құмар екенін айтқан болатын», — дейді Сәуле Сарбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Назерке Әріп 10 шілде күні Тұздыбастау ауылында жоғалып кеткен болатын. Қызды 3 ай іздеп, 6 қыркүйек күні зират басынан тапқан.

Оны өлтірді деген күдікпен Талғар ауданында жүргізуші болып жұмыс істейтін 33 жастағы азамат ұсталды.

Сот сараптамалары көрсеткендей, қылмыскер бұған дейін 3 рет сотты болған. Түрмеге соңғы рет отырғанында «жақсы тәртібі үшін» мерзімінен бұрын босатылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз