Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті бұрын үш рет сотталған болып шықты

133

“2003 жылы ол Бостандық аудандық сотының үкімімен бұзақылық және зорлау қылмыстарын жасады деген айыппен үш жыл шартты түрде бас бостандығынан айырылған болатын. 2008 жылы “Тонау” бабы бойынша үкім шыққан. 2009 жылдың 10 ақпанында ер адам кісі өлтіргені үшін түрмеге тоғытылды. Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жаза мерзімінің жартысын өтеген соң, бостандыққа шығарылған”, – деді қалалық прокуратура өкілдері. Назерке Әріптің өлім дерегі бойынша іс Алматы қаласы прокуратурасының бақылауына алынды. Іс бойынша процесстік прокурор тағайындалды.

  Еске сала кетейік, қыз биыл медициналық ЖОО-ға грантқа түсуді жоспарлаған болатын. Талапкер 10 шілдеде сағат 18.00-ден кейін байланысқа шықпаған. Назеркенің отбасы Алматы маңындағы Талғар ауданында орналасқан Тұздыбастау ауылында тұрады. 

Назерке Әріп – биыл мектеп бітіріп, ҰБТ-дан 100 балл алған.

Қыз Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетіне түскісі келген. Құрбысы хабарландыруда көрсетілген мерзімнің дұрыс емес екенін және оның 10 шілдеде жоғалғанын айтты. 

Ал 6 қыркүйекте ұшты-күйлі жоғалған 18 жастағы қыз өлі табылған еді. 

“Ол жеке меншік жүргізуіші, сол күні қызды алып кетіп, қорлап, қылғындырған.

Қылмысын жасыру мақсатында қыздың денесін зираттың маңына қалдырып кеткен.

Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ол осы уақытқа дейін жасырынып жүрді, бірақ оның аты-жөнін бірден анықтадық”, – деп хабарлаған еді Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының басшысы Жанболат Зиадин. Ер адам өз кінәсін мойындап отыр екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз