ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қытайлық CCTV телеарнасына берген сұхбаты жарияланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елбасының CCTV телеарнасына берген сұхбатының толық нұсқасын “Хабар 24” телеарнасы жариялады. Мемлекет басшысы сұхбат барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастыққа, сондай-ақ “Нұрлы жол” және “Бір белдеу, бір жол” бағдарламаларының тоғысу аясындағы екіжақты ықпалдастыққа қатысты сауалдарға жауап берді.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев терроризмге қарсы күрес жүргізу және өңірдегі тұрақтылықты сақтау мәселелеріне қатысты мемлекетаралық серіктестікті нығайту қажеттігін атап өтті.