Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жұмысын сынға алып, несиелердің қайтарылуын қадағалауды күшейтуді тапсырды.
«Осы уақыт ішінде 7 банк жойылып, 2 банктің жұмысы қайта жанданғандықтан, 5 трлн теңге сызылып қалған. Яғни, қарыз алушылар осы жылдар ішінде берген ақшаның бәрін қайтармаған. Несиелер уақыт өте келе проблемалы сипат алып, банктердің шарттарды өзгертуге тырысқанына қарамастан, мәселе сол күйінде қалған», — деп inform.kz Ақышевтің сөзін келтірді.
Реттеуші басшысының айтуынша, шағын бизнеске берілген қарыздарды қайтару қиын болып тұр. Көптеген шағын кәсіпкерлердің өз капиталы болмағандықтан арзан несиелерге бас ұрады, осылайша қарызы одан сайын еселене түседі.
«Енді не істейміз? Оларға ары қарай несие бере береміз бе әлде тәртіп орнатамыз ба?» — деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев —
Қылмыстық іс қозғалып, қайтарым барлық мүмкіндіктер бойынша жүргізілуі керек.
Мен жеке қадағалау комитеті туралы айтқанымда «Өзім шешемін» деген едің (Ақышевқа – авт.). Заң бар, енді бақылауға ал.
Әрбір акционер өз банкін тонайды да, кейін артынан қуып жүреміз. Сіздер қайда болдыңыздар? Бұл жұмысыңызға көңіл толмайды».