«Назарбаев моделі» атты кітап жарық көрді. Бұл кітапта Елбасының 1991-2016 жылдар аралығында атқарған қызметі мен мемлекеттің дамуына үлес қосқан бағдарламалары топтастырылған.
Екі мың дана болып шығарылған басылым – үш бірдей автордың ортақ еңбегі.
Кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы өткен жылы Астанада таныстырылған болатын. Ал қазақ тіліндегі кітап Алматыда өтіп жатқан «Назарбаев моделі» ғылыми конференциясында таныстырылды.
– Осы кітапта негізгі Елбасының ұсынған бастамалары жалпы тарауларға бөлініп, негізгі нәтижелері көрсетілген. Ал кітаптың деректемелік негіздеріне келетін болсақ, бұл кітаптың тағы бір маңыздығы бұл сараптамалық тілде жазылып отыр. Әлемдік Фич, Маккензи секілді әлемдік дереккөздер пайдаланылған, – деді Елбасы кітапханасының аға ғылыми қызметкері Қазыбек Майгелдинов.