Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Назарбаев І Петр сияқты болғысы келеді». Орыстар не деп жатыр?

https://kaz.365info.kz/bizdi-ruhymyz-shti-bekbolat-osylaj-depti-239679

Міне, осы жарлықпен латын жазуына негізделген 32 әріптен тұратын жаңа қазақ әліпбиі бекітілген еді. Бірақ онда көптеген мамандар мен қарапайым азаматтардың пікірі бойынша оқуды және жазуды елеулі қиындаттын апострофтар кеңінен пайдаланылған еді», – деп жазады.

Иектерің қышымай-ақ қойсын

«Дождь» телеарнасы жаңа қазақ әліпбиінің бекітілуін басқа тұрғыдан қарастырыпты:

«Қазақстан латынға көшті: неге қазір және бұл нені білдіреді» («Казахстан перешел на латиницу: что это значит и почему сейчас») атты мақалада қойылған сұраққа жауап іздеп көріпті.

Осы мақсатты алға қойған журналистер Орталық Азия бойынша сарапшы Аркадий Дубновтың пікіріне жүгініпті.

https://kaz.365info.kz/myna-khostanajlykh-politsejdin-seksualdy-sureti-zhelige-tarap-shu-boldy-foto-302705

Олардың сұрағына жан-жақты жауап беруге тырысқан сарапшы былай депті:

«Қазақстан – дербес мемлекет. Атап айтарлығы, ол ТМД кеңістігінде өзінің егемендігін, тәуелсіздігін неғұрлым терең айқындаған ел. Қазіргі таңда мемлекет басшысы Назарбаев өзін Ресейдегі І Петр сияқты көрсетуге ұмтылуда.

Тіл реформасы — тәуелсіз мемлекетті құруға қосылған маңызды үлес.

Менің ойымша, ағымдағы жылы 78 жасқа келетін Нұрсұлтан Әбішұлы ел егемендігін неғұрлым айқындай, нығайта түсетін осындай түбегейлі жүйелі өзгерістерді, мейілінше көбірек жүзеге асыруға тырысуда.

Ал Ресейге қатысты мәселеге келетін болсақ, бұл өте маңызды белгі, ол

енді Ресей Федерация Қазақстан күндердің күнінде қайтадан алып империяның және 2014 жылы Шығыс Украинадағы операция алдында барлығы жапа-тармағай әңгіме қылған «орыс әлемінің» бір бөлігі болады деп, үміттенбесін,

дегенді анық білдіреді».

https://kaz.365info.kz/base-solaj-eken-goj-myrager-turaly-angimeni-kim-shygaryp-zhyr-253215

Атап айтарлығы Дубнов мырза келесі дүниелерге ерекше назар аударыпты: оның айтуынша,

«орыс тілі ешқандай дискриминацияға ұшырамайды, ол бұрынғыдай, мемлекеттік тілмен қатар қолданылатын ресми тіл болып қала береді

Мемлекеттік органдар орыс тілінде түсетін талап-тілектерді, арыздарды қабылдап, оларға ресми тілде жауап береді. Мектептерде орыс тілінде білім беруде сақталатын болады».

Ақыл-ойдың жеңісі

«Вести» басылымы өзінің «42 әріптің орнына 32: Назарбаев жаңа қазақ латыны бекітті» («32 буквы вместо 42: Назарбаев утвердил новую казахскую латиницу») мақаласында қазақ тілінің жаңа графикасы туралы сөз қозғай отырып, келесі дүниеге назар аударыпты,

 “бұрынырақ Қазақстан президенті қазақтілінің латын әліпбиіне көшуі «орыстілділердің, орыс тілінің және басқа тілдердің құқықтарын шектемейтіндігін» атап өткен болатын.

Десек те, қоғамның апострофтарға деген көзқарасы, оларды қабылдамауы ел басшылығының әрекетіне азаматтық ұстаным әсерінің жаңа мүмкіндіктерін көрсетті.

Сондықтан

Қазақстан Республикасы президентінің жаңа жарлығы — ақылға қонымды дүниенің шенділердің алдыңғы қатарда болуға деген ұмтылысынан әрқашан жоғары тұратынын паш етті»

https://kaz.365info.kz/olar-dajyndaluda-sayasattanushy-resejdin-aram-pigylyn-ashty-277708

Бұл Қазақстанның ішкі ісі

«Назарбаев латын әліпбиіне көшу туралы жарлыққа қол қойды» («Назарбаев подписал указ о переходе на латинский алфавит») деп, хабарлаған «Взгляд» Қазақстанның эліби реформасын жүзеге асыру ұйғарымына қатысты Ресей билігінің өткен жылғы ресми көзқарасын еске салыпты.

Дәлірек айтсақ, сол кезде Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников былай деген еді:

Мәскеу Қазақстанның шешіміне түсіністікпен және құрметпен қарайды.

Ресей сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Григорий Карасиннің айтуынша, латын әліпбиіне көшу туралы ұйғарым – Қазкақстанның ішкі ісі».

Ал «Regnum» агенттігінің «Назарбаев Қазақстанда латынға негізделген әліпбидің жаңа нұсқасын бекітті» («Назарбаев утвердил в Казахстане новую версию алфавита на латинице»)  мақаласында «Қазақстанда қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы бекітілді. Ол енді бұрынғыдай кирил әліпбиіне негізделмейді, латынға көшеді» деп хабарлапты.

.365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз