Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Назарбаев әлемдік мәселенің түп-төркіні неде екенін жақсы біліп отыр – Равиль Гайнутдин

Оның айтуынша, мәжбүрлеу мен зорлық-зомбылық сеніммен қабыспайды.

«Әлбетте, діни сенімі берік адамдарды зорлықпен сындыру мүмкін емес. Бірақ менің ойымша,

зорлық-зомбылықтың бетін сенім тәжірибесімен қайтаруға әбден болады. Ол үшін ең алдымен адамдардың жүрегіне иман ұялауы керек.

Бұл туралы он бесінші ғасырдың өзінде крест жорықтарына қарсы шыққан кардинал Николай Кузанский де айтып кеткен. Оның сенім мен бейбітшілік туралы трактаты әлемге деген сүйіспеншілікке толы, өзге діндердің өкілдеріне ашықтығы тамсандырады», – деді Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы.

Равиль Гайнутдин соғыс машинасы жетілуінің басты себебі – қаруландыруды арттыру, басқа салалардан гөрі әскери-өндірістік кешенге көбірек қаражат бөлу екенін де атап өтті.

«Осының бәрі де соғысқа қатысты айтарлықтай үрей тудырады. Дәл осы үрей жүйке жүйесінің сыр беруіне себепші болып, мұның соңы соғысқа ұласуы ықтимал. Терроризм және қылмыспен қатар, Исламофобия толқыны сезіледі. Бұл толқынның лебі қазірдің өзінде көптеген мемлекеттерде бар, ол жасырын емес», – деді Равиль Гайнутдин.

Еске сала кетсек, елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі өтіп жатыр. Съез барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтып, қауіпсіз әлемді қалыптастыру жолында конфессияаралық, өркениетаралық диалог орталығын бекітуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Ватиканның папалық кеңесіне «Дінаралық диалогқа үлес қосқаны» үшін сыйлығын табыс етті. Ал орыс православие шіркеуінің епископы, Волоколам митрополиті, Мәскеу мен бүкіл Русь Патриархының викариі Митрополи́т Иларио́н Астанадағы дәстүрлі дәндер съезі әлемдегі ең ірі форумдардың біріне айналғанын атап өтті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз