Биылғы көктемнің алғашқы айында қазақстандықтар 13 күн демалады екен.
8 наурыз мерекесі бейсенбіге тап келеді. 9, 10 және 11 наурыз күндері демалыс. Ал сенбі, 3 наурыз – жұмыс күні болады.
21-інен 23-іне дейін елімізде Наурыз мерекесі тойланады.
Бұл күндер сәрсенбі, бейсенбі және жұмаға түсетіндіктен – қазақстандықтар сенбі мен жексенбіні қосқанда қатарынан бес күн демалыста болады.
Иә, 4, 17, 18 және 31 наурызды қоссақ – бұл айда бізді 13 демалыс күні күтіп тұр.