Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-13
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

“Мұны Клинтон ғана біледі!”. Ельцин жасырған құпия жария болды

https://kaz.365info.kz/osh-sau-bol-putin-eltsindi-alaj-shy-aryp-saldy-236893

Мұны сол кездері Американың Мәскеудегі елшілігінде аға саяси сарапшы қызметін атқарған Томас Грэм былай деп еске алады.

“1996 жылдың маусымындағы сайлауда бізге Ельциннің немесе Ельцинмен ұстанымы сай келетін адамның жеңіске жеткені маңызды болды. Сол кезде бізде ойлағанымызды жүзеге асырып, бұған жұмсалған шығынның орнын толтырар едік».

Не түсіндіңіз? Біз мынаны ұқтық.

Американың демократия туралы ұраны көзбояу ғана. Мұның астарында АҚШ-тың әлемді билеп-төстеу туралы пасық саясаты ғана жатыр, анығында. Ал Путиннің АҚШ-тағы сайлауға араласуы АҚШ-тың бұдан бұрынғы әрекетіне жауап қату немесе кек алу болуы мүмкін.

Билл Бористі сүйеді

Сол кездегі Клинтонның командасы Ресейді тездетіп, адым-адым, аршын-аршынмен капитализмге өткізбек болды. Бұл идеологиялық ұстаным ғана емес-тұғын, Клинтон Ельцинді жақсы көретін.

“Иә, ол маған ұнайтын. Аю сияқты еді. Оның Ресей билігіне келгені дұрыс болды.

Ол әділ, батыл, қайсар адам еді”,

– деген Клионтон.

Клинтон Ельциннің арақты салынып ішетініне де көз жұма қарады. Бір жолы Ельцин өлгенше ішеді. Өле мас болады. Дүниені бүлдіреді. Клинтонды, оның кеңесшілерін де әбден әбігерге салады. АҚШ президентіне үстел үстінен тұрып кетіп қалуға да болар еді. Бірақ, Клинтон:

“Ештеңе етпейді. Ешкімге зияны жоқ ішкіш қой”, – деп қоя салыпты.

Ельцин және оның айналасы

Ол тұстары “Чубайстың кланы” күшейіп тұрды. АҚШ-тың арқасында. Нарыққа бейімделген жас кәсіпкерлерден құралған топқа АҚШ саяси әрі қаржылай көмек көрсетті. 90 жылдары Халықаралық валюта қоры, Американың халықаралық даму агенттігі (USAID) және басқа да демеушілер Ресейге ондаған миллиард доллар қаржы құйды.

Дәлел: 

1996 жылдың шілдесінде  USAID Ресейге грант ретінде 40,4 млн. доллар аударады.

Бизнеспен шектелсе өз алдына. Бұл ұйымдар Ресейдің саяси-қоғамдық өміріне де тұмсық тыққан. Ресейдегі үкіметтік емес ұйымдар қыруар қаржы аударған. Әлгілер өз кезегінде елде Батыстың үлгісімен сайлау өткізуді, сайлау алды науқан жүргізудің жолдарын үйреткен.

Анығы, АҚШ араласпаса Ельцин қайта сайланбас еді.

1996 жылғы сайлауда Ельцин үміткерлердің ішіндегі үздік шығады дегендердің ең соңғысы болатын.

Қоғамдық сауалнама бойынша, оның рейтингі тобықтан төмен түсіп кеткен-тұғын. Коммунистік партияның атынан  сайлауға түскен қарсыласы Геннадий Зюганов бұл көрсеткіш жағынан Ельцинді жолда қалдырған болатын. Оның жеңіске жетеріне ешкім күмәнданбаған…

Сол тұста

Міне, сол кезде Клинтон уәзірлері президентіне Ресейдегі жағдайды жеткізе бастайды. Клинтон айтқанынан қайтпайды бірақ.

“Ельцинге көмектесуіміз керек”,

– дейді ол.

1996 жылдың наурызында The Washington Times бұған қатысты Ельцин мен Клинтонның арасындағы хатты жариялап жібереді.

https://kaz.365info.kz/nazarbaev-kezinde-eltsindi-ryp-zhy-pa-bolypty-232273

Ельцин:

“Сіздің деңгейдегі адам Ресейді қолдаса, ендеше, мені қолдағаны деп түсінем. Бұл қолдаудың нақты жоспарын жасағанымыз жөн-ау…”

Клинтон:

“Бұған қатысты мемлекеттік хатшым Уоррен Кристофер мен сіздің сыртқы істер министріңіз Евгений Примаковтың сөйлескені дұрыс. Кездесу Мәскеуде болсын. Алаңдаңамыз. АҚШ сізге көмектеседі. Арты жақсы аяқталады…”.

Хат жарияланып кетті. Үлкен шу шықты. Ақ Үйдің баспасөз  хатшысы Майк Маккарри Клинтонның орнына ақталған болды.

“Жаман ойламаңыздар. Бұл екі ел президентінің емен-жарқын әңгімесі ғана”, – деді ол.

Оның сөзіне ешкім сенген жоқ алайда.

Клинтон бәрібір сөзінде тұрды. Ельцинге берген уәдесін орындады.

1996 жылы Ақ Үй алдымен Халықаралық валюта қорын Ресейге кредит беруге көндірсе, артынша, НАТО-ның кеңеюіне қатысты пікірталастан әдейі сырт қалды, бұдан бөлек, Ельциннің Шешенстандағы қантөгісіне көз жұма қарады. Клинтон Ельциннің “Зюгановпен кездеспей-ақ қойсаңыз, жарар еді” деген пікіріне де құлақ асты.

“Калифорния губернаторының” сатып әперген жеңісі”

Бұл өз алдына. Америкалықтардың 1996 жылғы сайлауға қалай араласқанын айтайық. Сол жылдың шілде айында Time журналында Ельциннің америкалық кеңесшілердің көмегіне жүгінгені жайлы сенсациялық мақала жарияланады.

Сайлауды Батыстың мәнерінде өткізу үшін Ельцин Джорджу Гортон (George Gorton), Джо Шумейт (Joe Shumate) және Ричард Дреснер (Richard Dresner) есімді консультанттарды жалдайды. Әрқайсысына 250 мың доллардан төлейді. Бұл – ұпай жинауға нақты кепілдік беретін құпия келісім-тұғын.

Әлгілерді Ельциннің штаб-пәтері орналасқан Президент отеліне орналастырады.

Бұлар Ельцинге қалай көмектескен. Жолын айтайық. Алдымен, Ельциннің былықтарын әшкерелеген зюгановшылардың араларына от салады. Ельциннің жарнамалық роликтерін әлдеқайда тартымды етіп жасайды. Жолдауын да нақтылайды. Ельцинді тұтас елді аралауға, халықпен ашық пікірлесуге көндіреді.

Артынша, Ельциннің және ресейлік олигархтардың қарамағындағы БАҚ арқылы коммунистер туралы неше түрлі мақалалар, телесюжеттер жариялайды.

Іс жүзінде Ресей жалдаған америкалық кеңесшілер мұндағы сайлаудың барысын тікелей Клинтонға жеткізіп отырған. Бірақ, бұлардың телефон әңгімесін тыңдауы мүмкін еді. Сол себепті кеңесшілер Клинтон хабарласқанда “Калифорния губернаторы”, ал Ельцин хабарласқанда “Техас губернаторы қоңырау шалды” деген құпия сөздерді қолданған.

АҚШ-тың Ресейдегі сайлауға араласқанының тағы бір дәлелі – Халықаралық валюта қоры Клинтонның күштеуімен 10,2 млрд. доллар бөлді бұл елге. Бұл басы ғана. Араға аз уақыт салып Германия мен Франция Ельцин үкіметіне тиісінше, 2,7 млрд және 400 млн доллар бөлгізді. Бұл ақша Ельциннің сайлауалды науқанына жұмсалды…

Ақиқатында

АҚШ Ельциннің сайлауда жеңуі үшін бәріне баруға әзір еді. Бұл Америка мен Батыстың саяси мүддесі болатын. Ал Ельциннің сайлауда жеңіске жетуі үшін қанша қаржының рәсуа болғанын ешкім білмейді. Бейресми дерекке қарағанда, бұл сома 100 млн-нан басталып, екі млрд. долларға дейін жеткен. Ақшаның едәуір бөлігі Ельциннің “черный кассасы” арқылы өткен. Бұл схеманы атышулы Борис Березовский ойлап тапқан…

Березовский, өз кезегінде, өзара жаға жыртысып жүрген ресейлік олигархтар Владимира Гусинскийді, Владимир Виноградовты және Михаил Ходорковскйді Ельциннің төңірегіне топтасуға көндіреді. Бұл бірігу әлгі олигархты одан әрі байыта түседі.

Иә. Солай болған. 

Бұл туралы 2002 жылы әйгілі саясаттанушы Лилия Шевцова былай деп жазды.

“Ельцинді Батыстың ақшасы қолдады. Оған Халықаралық валюта қоры дер кезінде көмек көрсетті. Оған бөлінген ақшаның қайда кеткенін, қалай жұмсалғанын ешкім сұраған жоқ. Бұл ақша олигархтардың, технократтардың және президент командасының қалтасында кетті…”. 

Ельцин жеңді сайлауда. Бұған Ресейден бұрын АҚШ ерекше қуанды. Нәтижелер жария болғанда АҚШ-тың Мемдепартаменті шампан атыпты. Ал New York Times-та “Ресей демократиясы жеңді!” деген мақала жарияланған. 

Клинтон қайтті? Ол сөз сөйледі.

“Әділ әрі адал сайлауда Ресей халқы демократияны таңдады”,

– деді ол.

Күлкілі ғой…

Бұған қатысты Ресейдің үкіметбасшысы Дмитрий Медведевтің не дегенін білесіз бе? 2012 жылғы жабық есік жағдайында өткен жиында Медведев: 

“1996 жылғы сайлауда кімнің жеңгенін білеміз ғой. Бұл Ельцин емес”

Ал қазір ше? АҚШ Трамптың жеңіске жеткеніне Ресейдің себепші болғанын айтуда. Кінәлауда. Осыдан 20 жыл бұрын өзі қайтті? Есінде ме сонысы? 

 

Дереккөз: jacobinmag

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз