Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Мұнда тұрған не бар?”. Кәмшат Жолдыбаева жалаңаштанғаны үшін сынағандарға жауап берді

277

Каспийдің толқынына тербеліп, туған жерінде асыр салған сылқымды сол сәтте сынағандардың саны аз болған жоқ! Тіпті, дәл осы видеоны желіге жүктей сала, жағымсыз пікірлерді қарша боратқан фоллоуверлері, әншіні біраз жерге апарып тастаған-ды. Алайда, Кәмшат бұл тектес жазбаларға бас қатырмайтынын айтты.

«Ол орынды. Ойбай пікір жағымсыз жазылып жатыр немесе жазылмай жатыр деген емес. Пікір жазылмаса ол жаман. Пікір жазылмаса саған ешқандай да қызығушылық танытылмайды, еленбейді», – дейді Кәмшат.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде әнішінің сіңілісі де сын садағына жиі ілігеді. Батыл образдарымен оқырмандарын таң қалдырудан шаршамайтын кіші Жолдыбаева, бүгінде Кәмшаттың сахналық образына өзіндік үлесін қосып жүрген көрінеді.

«Өз жолымен тым жақсы келе жатқан қасымдағы сіңілім. Маған көмектесетін тұсы ол ақылдасу, кеңесу. Образдарымды, стилімді… сол жағынан талғамы жоғары. Былайша айтқанда, халықтың алдына шыққан образдарымның барлығы сол Алтынаймен ақылдасып жасалатын дүниелер», – дейді Жолдыбаева.

«Кешью» құрамында жүріп, тек продюсердің қадағалауымен сахнаға шыққан Кәмшат, жеке шығармашылыққа бет бұрғанда ашық образдармен ел назарын бірден аударды. Мысалы, әншінің соңғы клипі жұрт арасында «Жалаңаш Жолдыбаева» деген түсінік қалыптастырғандай…

«Жаңашылдық, ерекшелік бұл әрқашан да сынға алынады. Егер де сен бұрын-соңды болып жатқан іс-әркеттеріңді қайталап жүре берсең, ол ешқашан еленбейді, сынға алынбайды. Ал, егер де сен жаңалық ашамын, ерекше боламын десең, онда ол міндетті түрде сынға ілігеді. Өзімнің сүйікті ісіммен айналысамын. Біріншіден өзімді таң қалдыруға тырысамын», – дейді Жолдыбаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз