Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мынау – “Верхний”. Испан соты Путиннің орыс мафиясына қатысы барын анықтады

Петерборлық авторитет Илья Трабер. © tvrain.ru

Сотталушылар тізімінде Госдума депутаты Владислав Резник, оның әйелі Диана Гиндин және тағы 16 адам — Испания, Германия және Ресей азаматтары бар. Оларға 1996 жылдан бері қылмыстық жолмен ақша заңдастырып келген деген айып тағылуда. Ал қылмыстық топтың басшылары Илья Трабер мен Геннадий Петров әлі де соттан бой тасалап, қашып жүр.

Бұл істі тергеу 11 жылға созылған.

Прокурорлардың дерегінше, орыс мафиясыныңмүшелері “общактыңақшасын заңдастырып, жалған фирмалардың көмегімен Испаниядан жылжымайтын мүлік сатып алумен айналысқан. Сосын жылжымайтын мүлік өз фирмалары арқылы қымбаттай беретін беретін бағаға бірнеше рет қайта сатылған. Сондағы мақсаты – есірткі контрабандасы, қару-жарақ сатудан тапқан ақшаларын заңдарастыру, дейді прокурорлар.

Геннадий Петров – Тамбовскилердің басшысы. © ultimahora.es

«Тамбовскилердің» басшысы Геннадий Петровтың телефоны тыңдалып, олардың проблемаларын шешуге шенеуніктер мен күштік құрылымдар ғана емес, Путиннің өзі жеке көмектесіп келгені анықталыпты.

Телефондағы әңгімелерде Путиннің аты нақты айтылмайды, бірақ жасырын сөзбен Верхнийдеп жүргендері дәл осы Путин болуы бек мүмкін, деп санайды испаниялық тергеушілер.




tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз