Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Мынау не сұмдық?”. Ләйлә Сұлтанқызы Алтынай Жорабаеваны алдап соқты

474

Бұл туралы Жорабаева өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді. Алайда, арада бірнеше сағат өткеннен кейін ол жазған жазбасын қайта өшіріп тастады. Алтынайдың сөзінен ұққанымыз, Ләйлә Сұлтанқызы оны «Тікелей эфирге» келіп шығармашылығы, Астанадағы өмірі жайлы айтып беруін сұраған екен. Ол болса ойланбай келіскен. Алайда, «Тікелей эфир» жобасының Instagram-парақшасындағы анонста Алтынай мен Сәбиттің не үшін ажырасқаны туралы мәлімдейміз деп жарнама таратқан. Алтынайдың жазбасынан кейін бұл жарнама да «жоғалып» кетті.

https://kaz.365info.kz/asha-matajdyn-tikelej-efirde-maskharasy-shykhty-video-287270


«Мынау не сұмдық? Неге менімен ақылдаспайды? Қыздарымды шақырып, эфирге шығарып қойып, Сәбит екеуіміздің өмірімізді бүкіл халықтың алдында не үшін талқылауымыз керек? Бағдарламаға шақыратын кезде тек менің шығармашылығым, Астанада қалай тұрып жатқанымыз, қыздарым Астананы қалай қабылдады, әкем мен анамнан менің балалық шағым жайында ой өрбітетіндері жайлы ғана айтқан болатын. Ал мынаны қалай түсінуге болады?», – деп ашына жазды Алтынай Жорабаева.

https://kaz.365info.kz/ol-tyk-emes-myna-khyz-tverkti-zhajyna-khaldyrdy-video-287076

Айта кетейік, «Тікелей эфир» бүгін кешке көрсетіледі. Алайда, оған Алтынай Жорабаева шыға ма, жоқ па, ол жағы белгісіз қалып отыр.

Тақырып VK-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз