Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Мынау не?”. Әйел болып киініп ән айтқан “Алау” тобы көпшіліктің ашуына тиді (видео)

Баян Алагөзованың қарамағындағы “Алау” тобы да хайп қуып жүргендердің қатарына қосылған ұқсайды. Топтың соңғы шыққан “Енді тыңда” бейнебаянына қарап, бұлай демеске амалымыз жоқ.

 

https://kaz.365info.kz/buzova-goj-kamshat-kiinui-stilimen-eldin-ashuyn-tugyzdy-foto-320189

Бейнеклипте төрт жігіт біресе ақылынан алжасқан адамның, біресе әйелдің, біресе жолбарыстың, ал енді біресе сәбидің кейпіне енеді. Түсініксіз бейнебаянды желі қолданушылары да сынауда.

“Мынаған қарағанда “Жас май өнивөрс” түсініктірек қой”, – деп жазады тыңдармандардың бірі.

“Тыңдайын десең өлең сұмдық, көрейін десең бейнебаян түсініксіз”, – дейді екіншісі.

“Меніңше, жігіттер қазіргі адамдардың мағынасыз әндерді жиі тыңдайтынын жеткізгісі келген. Міне, сендерге түкке тұрғысыз ән деп тұрған сияқты. Бірақ жігіттер, бұл сендердікі емес. Жап-жақсы әндерің бар еді.

Тек креативті музыкамен, орындау шеберлігімен таңғалдыру керек еді. Өз-өзін жоғалтып, Qpop-тың айналасында бірдеңе жасаған әртіске айналмай.

Мына біртүрлі клипке қарасам, іш пысқаннан естерің алжасқан сияқты. Сәттілік, таланттарың әлі де болса мойындалады деп сенемін”, – деп кеңесін берді үшінші бір тыңдарман.

https://kaz.365info.kz/ana-zherinen-khazakh-zhigitteri-bajzakhovamen-tyrpajy-bi-biledi-video-320216

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз