Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Мойындаймыз”. Біртанов Тоқаевтың сынына жауап берді

Оның айтуынша, эпидемияға қарсы шаралар хаттамаларға, халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр және Денсаулық сақтау министрлігі оларды орындауға ниетті.

“Медициналық көмек көрсету ұйымдары жайлы айтатын болсақ, әрине, бізді сөгуге болады, біз барлығын мойындаймыз. Сол үшін жұмыс істеп, ол кемшіліктерді жоямыз”, – деді Біртанов.

 

https://kaz.365info.kz/senat-koterildi-densaulykh-ministri-birtanov-khyzmetinen-kete-me-318229

Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі менингитке қатысты жағдайға пікір білдірген болатын.

“Менингит инфекциясының таралуы көнуге болмайтын жағдай. Осы профильдегі министрлік кешірілмейтін жайбасарлық пен батылсыздық танытып отыр”, – деп жазған еді Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, бүгін министрдің менингококк жағдайына байланысты Алматыға келетіні жайлы айтылған еді. Осыған дейін премьер-министр Бақытжан Сағынтаев та Қазақстандағы менингококк инфекциясына қатысты есеп беруді талап етті.

“Жұқтырғандар көбейіп жатыр. Өкінішке қарай, қайтыс болып жатқандар бар. Осының барлығына түсінік беріп отыруды сұраймын. Қолданылып жатқан шаралар жайлы айтып берулеріңізді сұраймын”, – деген еді Сағынтаев денсаулық министрі Елжан Біртановқа.

 

https://kaz.365info.kz/tokhaev-yrsyp-sagyntaev-karine-mindi-birtanov-almatyga-baratyn-boldy-318336

Мұның алдында денсаулық сақтау министрі менингококк инфекциясына байланысты карантин жарияланбайтынын айтқан еді. “Менингококк инфекциясын жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың санын жасырмаймыз. Қазір карантин жариялаудың қажеті жоқ. (…) Қазақстандықтардан дәрігерлер айтқан кеңестерді тыңдауларын сұраймыз”, – деген еді Біртанов.

Сондай-ақ, осыған дейін министр Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингококк инфекциясынан 12 адамның қайтыс болғанын мәлімдеген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз