Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

«Мирзиеевтің сәтсіздіктері» — қарсыластары неге ашулы? — БАҚ-қа шолу

1156

АзияТерра порталы “Шавкат Мирзиеевтің он сәтсіздігі” деген атпен материал жариялады. Автор Әлішер Таксанов Өзбекстан президенті бірнеше жыл бойы көптеген қолдаушысынан айырылды, өйткені оның әрекеттері “көп жағдайда сын мен үрей тудырды” дейді. Ол өз көзқарасы бойынша ең жағымсыз тұстарды атап өтті. Біз осы тізімнің бір бөлігін ұсынып отырмыз.

—  Шавкат Мирзеевтің бірден көзге түсетін және халықтың наразылығын күшейтіп қана қоймай, оның рейтингіне теріс әсер еткен қателіктерін ғана атап өткім келеді. Бұл әсіресе әлеуметтік желілердегі талқылаулардан жақсы көрінеді, сондықтан мен дәл осы ақпараттық платформа талдауына сүйенемін, — деп атап өтті Таксанов.

Кадр саясаты

Шавкат Мирзиеев іс жүзінде биліктегі жоғары тұлғаларды ғана емес, басшылықтың орташа деңгейін де өзгерткен жоқ. Яғни, барлық құрылымда Каримовтың тұсынан бері келе жатқан жемқор адамдар қалды, олар елді тонауды одан әрі жалғастырды.

— Үкіметтегі белгілі бір адамдар мен жергілікті шенеуніктердің қызметін бағалаудың поляризациясы көрініп қалды. Халық облыс, қала немесе аудан хокимдерінің жұмысын теріс бағалағанымен, бұл адамдар Шавкат Мирзиеевтің оң бағасына ие болып отырды”, — дейді автор.

Журналист кадрлық ресурстың негізі непотизм болды деп мәлімдейді. Екінші президент кәсібилікке емес, отбасылық байланыстарға назар аудара бастады. Елде оның қыздары мен күйеу балалары жоғары лауазымдарға ие бола бастады.

“Елді мемлекеттендіру”

— Мирзиеевтің нарық деген не және оған мемлекет қалай әсер ететіні туралы түсінігі жоқ. Оның пікірінше, ведомстволар неғұрлым көп болса, әлеуметтік және экономикалық процестерді басқару оңайырақ болады, — деп жазады автор.

Екінші президент кезінде жаңа министрліктер, агенттіктер мен ведомстволар пайда болды. Олар экономиканы ырықтандыру үшін жаңа кедергілер туындатып жатыр.

Ақша қайда кеткенін ешкім білмейді

Несиелер және сыртқы қарыз

Төрт жыл ішінде Өзбекстанның сыртқы қарызы 6 миллиард доллардан 24 миллиард долларға дейін өсті (басқа мәліметтер бойынша — 30 миллиард долларға дейін),

билік басқа мемлекеттер мен халықаралық қаржы институттарынан ақша алуды жалғастыруда.

— Ақша қайда кетті? Мұны ешкім білмейді. Несиелер өсуде, ал халық кедейленіп жатыр және Өзбекстанда өнеркәсіптік өндірістің өсуі байқалмайды. Экономиканың жартысы “көлеңкеде” қалып отыр. Ел көші-қонға дайын жүрген болса, жүздеген мың жұмысшы Өзбекстаннан кез келген уақытта кетуге дайын жүрсе, Шавкат Мирзиеев мұндай ақша не үшін қажет болғанын түсіндірмейді”, – деп таң қалды Таксанов.

Құрылыстар және қиратулар

Журналист “сити” құрылыс курсы” — сәнді ғимараттар құрылысын сынға алды. Оның ойынша бұл жобаның коммерциялық тиімділігі өте күмәнді. Елге зауыттар, жолдар, мектептер мен ауруханалар қажеттірек.

“Ситиге” бөлінген жерлерде қазірде алып ғимараттар тұр

Бұл халықтың наразылығын тудырып жатыр.

— Ең қызығы, Шавкат Мирзиеев бұл процестерге өзінің көзқарасын еш жерде білдірмейді, тіпті ол туралы білмейтіндей”, — дейді ол.

Техногендік апаттар

Мұнда автор Сардоба су қоймасы бөгетінің жарылуын және оқиғаның кейінгі тергеуін ерекше атап өтті.

— Сардоба — бұл сауатсыз құрылыс пен үлкен валюталық қаражатты тонаумен көрініс тапқан сыбайлас жемқорлық үйлесімі. Тергеу органдарының негізгі ұрыларды жауапкершіліктен босатуға әрекеттенуі ашу-ыза және нәтижесінде билікке деген жеккөрінішті тудырды. Бұрын осындай апаттар Ташкент метросы құрылысында, ал кейінірек көпірлер мен технологиялық олқылықтармен салынған ғимараттардың құрылысы кезінде болған”, — деді ол.

Эмиграция және еңбек нарығы

Төрт жыл ішінде Өзбекстанда қажетті жұмыс орындары құрылған жоқ. Билік кедйе ресми түрде адамдарды сыртқы көші-қонға үгіттейді.

Жұмыссыздарға көмек дехканның мойнына түсті

Осы уақытта Озодликтің хабарлауынша

өзбек фермерлері президенттің жұмыссыз жастарға әр 10 гектар егістік жерге 1 га мөлшерінде ауыл шаруашылығына жер бөлу туралы шешіміне наразылық білдіруде

Себебі, жер фермерлерден мәжбүрлеп тартып алынып жатыр деген хабар тарағандықтан.

– Жер салығын әлі де өзіміз төлеп жатырмыз. Біз өз жеріміздің әр бөлігін барынша пайдалануға тырысамыз. Хокимият жастарға әр 10 гектар егістік жерден 1 гектар жер бөлуді талап етеді. Олар жер үшін бір тиын төлемей пайда табады. Бұл кімге ұнайды? – дейді Самарқанд облысының Кошрабад ауданындағы фермер.

Тағы біреуі жергілікті билік оны жерді бөлуге мәжбүрлегенін айтты.

Алайда аудандық және облыстық хокимияттарда бұл ақпарат жоққа шығарылады.

– Бізде фермерлерді жер бөлуге ешкім мәжбүрлемейді. Жер фермалардың немесе аудандардың мүмкіндіктеріне қарай бөлінеді. Бұл жерлерде жұмыссыз жастар жұмыс істесе жақсы болады. Адамдар қазірден рақмет айтып жатыр”, – деді Наманган облысы әкімшілігінің қызметкері.

Бұл ретте кейбір облыстарда жергілікті билік бөлінген жерлерді кері қайтарып ала бастады. Мысалы, Самарқанд облысының Кошрабад ауданында бір аптадан кейін жұмыссыз тұрғындардан 22 гектар жер қайтып алынды.

Өзбекстанда жұмыс табу қиын, көбі Ресейге, Қазақстанға және басқа елдерге жұмысқа кетеді. Сарапшылардың пікірінше, COVID-19 пандемиясына дейін 6 миллионға жуық өзбек шетелде жұмыс істеген. Көбі маусымдық жұмыстармен — құрылыс пен ауыл шаруашылығында айналысқан.

Мемлекеттік статистикаға сәйкес, Өзбекстандағы жұмыссыздық 2020 жылы шамамен 13% құрады.

2020 жылдан бастап миллиондаған өзбек мигранты шетелге шыға алмай отыр, өйткені коронавирустық пандемия шекаралардың жабылуына және көлік қозғалысына шектеу қойды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз