Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Министр зейнетақы мен бала тууға байланысты берілетін жәрдемақының біртіндеп өсетінін айтты

2017 жылы бала тууға байланысты төленетін жәрдемақы мен зейнетақы 20 пайызға өсіріледі.

“Зейнетақыны 20 пайызға көбейтуге тапсырма берілді. 1-қаңтардан бастап оны біз алдымен 9 пайызға көбейтеміз. Ал 1-шілдеден бастап 11 пайызға тағы артады. Сонда жыл бойына 20 пайызға өседі. Бала тууға байланысты берілетін жәрдемақыны 1-қаңтардан бастап 7 пайызға арттырамыз, ал 1-шілдеден бастап 13 пайызға көбейеді”, — деді Дүйсенова сейсенбі күні үкімет отырысында.

Айта кетелік, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген салтанатты жиында 2017 жылы зейнетақы мен бала тууға байланысты бір реттік жәрдемақыны 20 пайызға көбейтуге бұйрық берді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз