Менингит туралы ел арасында тараған аңыз көп. Соның ішінде сенуге болмайтын тоғызын назарларыңызға ұсынамыз, дейді baribar.kz.
Көптеген ата-ана балаларын осы сөзбен қорқытады. Шындығында олай емес. Менингит дегеніміз – ми мен жұлын қабының қабынуы. Оның себебі:
Менингит көп жағдайда ауа арқылы жұғады. Кейбір бактериялар сумен, тамақпен де жұғуы мүмкін.
Десек те суықтан иммунитет әлсірейді. Сол уақытта вирус жұқтырып алмау керек.
Өтірік. Менингит – өмірге қауіпті ауру. Әрине, оның соңы қалай аяқталатыны адам ағзасына және аурудың жұқтыру жолына байланысты. Вирусты менингит бактериалды менингиттен жеңілірек жүреді.
Бактериалды менингит кезінде денеде теңбіл дақтар пайда болады. Бұндай жағдайда адам бірнеше сағатта қайтыс болып кетуі мүмкін. Әлемде бұл аурудан әрбір оныншы адам қаза табады.
Жоқ, менингитпен балалар да, ересектер де ауыра береді. Тек, балалар мен ВИЧ, химиотерапия алған, ағзасы әлсіз адамдардың арасында тез таралады. Сонымен бірге кішкентай балаларға көп жағдайда екпе салынбайды. Сол себепті де олар ересектерге қарағанда менингитке 10 есе жиі шалдығады. Көп жағдайда жаңа туған сәбилер мен 3-8 ай аралығындағы балалардың жұқтыру қаупі жоғары.
Бас ауру – менингиттің негізгі белгілерінің бірі, бірақ одан басқа да белгілері бар. Мысалы балаларда:
Бұл белгілдер басқа да ауруларда бар. Сол себепті бірден дәрігер шақыртқан жөн.
Ересектердегі белгісі:
Менингококк инфекциясының негізгі белгісі – денеде дақтардың пайда болуы. Олар капияларлардың жарылуы немесе көгеріп қалғанға ұқсайды. Көлемі әртүрлі болады. Басында жұлдыз сияқты болады, кейін үлкейе түседі. Егер оның үстінен басса, дақтың түсі өзгермейді, яғни ағармайды.
Оны анықтау үшін “стақан әдісін” қолдануға болады. Мөлдір стақанды дақтардың үстіне қою керек. Әйнектен дақ көрініп тұрса, бірден жедел жәрдем шақыру қажет. Бұл – менингиттің белгісі.
Жедел жәрдемге хабарласқанда аурудың денесінде дақтар бар екенін айтқан жөн. Себебі бұл жағдайда жеделдетпесе, адамнан айырылып қалу қаупі бар.
Ол менингиттің түріне байланысты.
Қандай жағдайда да менингитті стационарда емдейді. Антибиотиктерден өзге инфузия терапиясы жасалынады. Одан бөлек мидың қабынуының алдын алатын, ауруды басатын, жүрек айнуын қойдыратын дәрілер беріледі, адамның тыныс алуы қиындаса, оттегі маскасы қолданылады.
Африка, Сауд Арабиясы сынды елдерде адамдар менингитке жиі шалдығады. Дегенмен оны тек кедей елдерде ғана таралатын ауру деп қарастыруға болмайды.
Ересектердің 5-10%-і – менингококк инфекциясын тасымалдаушылар. Олар өздері ауырмайды, бірақ ауру жұқтырады. Менингит адам көп жерде тез таралады.
Менингит тудыратын барлық вирус пен бактерияға қарсы 100% жұмыс істейтін екпе жоқ. Дегенмен кейбір түрлері үшін екпе жасалған: менингоккоккқа, пневмококкқа, гемофильді инфекцияға, тұмауға, қызбаға қарсы екпелер алуға болады.
Бактерия менингитіне шалдыққандардың 20%-і мүгедек болып қалады. Бұл өте көп. Аурудың қатты асқынуынан адам керең болып қалуы мүмкін. Одан бөлек:
Белгілі бір деңгейде бұл дұрыс. ОРВИ мен менингиттің белгілері ұқсас. Бактерия мен вирусты жұқтырып алмау үшін:
Дереккөз: baribar.kz