Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

«Мені мәңгүрт демеңдер!». Балаларымды орыс мектебіне беремін!

1. Соңғы кездері жұрт балаларын қазақ мектебіне бергіш болып кетіпті. Бұл дегеніміз, болашақта орыс тілін білетін мамандар азайып, оларға сұраныс артады. Біздің ел неше-түрлі одақтарға кіргіш: Кеден одағы, Еуразиялық одақ, т.б. Ресейден бәрібір қашып құтыла алмаймыз. Тіпті қазірдің өзінде мемлекеттік қызметте қазақ тілінен бұрын орыс тілінде сайрайтындар жетіп артылады

2. Еңбек нарығы. Мұнай біткенде Қазақстанға қиын болады. Сонда менің балаларым Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де жұмыс істей алады.

3. Гуглдан қазақ тарихы, қазақ әдебиеті жайында жөнді ештеңе таба алмайсыз. Медакадемияда оқыған менің әйелім лекциялар мен ғылыми еңбектерді орысшадан қазақшаға ит болып әрең аударатын.

4. Орыс мектебіндегі балалар ашық келеді. Өз ойын еркін жеткізеді. «Наглый» келеді. Бұл да өте керек нәрсе.

5. Үштілдікті қолдау керек. Балаларымыздың неғұрлым көп тіл білгені дұрыс. Бұл ана тілімізден бас тарту емес. Біз өзіміз үйде көбіне қазақша сөйлейміз.

Бірден айтайын, мені «мәңгүрт» немесе «сатқын» демеңіздер! Қазақ тілі күн сайын күшейіп келеді. Ауылдан шыққан қазақ балаларының да АҚШ-та тұрып жатқанын көріп жүрміз.

Бірақ біз бәрібір балаларымызды балабақша мен мектепке орыстілді сыныпқа береміз деп шештік.

Ерлан Мұсаев
https://kaz.365info.kz/oda-bastar-ne-istep-otyr-putinni-ojy-aza-standy-resejge-osyp-alu-ma-208501

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз