Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Мені дәретханада қамап қоятын”. Роза Рымбаеваның кіші ұлы шындығын айтты

144


Мектептегі ең ұнатпайтын пәні математика.

“Себебі, ол тым қиын, және менің қолымнан келмейтін”,- дейді Мади.

Мади кішкентай кезінде үлкендердің тілін алмаса, қорқынышты жаза бергенін айтады.

“Мені дәретханаға бірнеше уақытқа қамап қоятын. Сол бірнеше уақыт мен үшін мәңгілікке татитындай болып көрінетін”,-дейді Мади.


Қазақ ССР-інің халық әншісінің ұлы көлік айдағанды ұнататындығын айтады. Ең сүйікті көліктері- BMW M6, BMW M4 немесе BMW I8. Сүйікті кітабы- Редьяр Киплингтың “Джунгли кітабы”.

Ең алғаш қолтаңбасын жетінші немесе сегізінші сыныпта оқып жүргенінде бірінші сынып оқушыларына берген екен.


“Мен көп ұйықтай беретін әдетімнен арылғым келеді. Мені тұрғызу үшін бетіме суық су құйып жіберу керек”,- дейді жасөспірім .


“Мен көп уақытымды шығармашылыққа жұмсаймын. Мен тағам таңдамаймын, Анам не жасайды, соны жеймін. Тек, теңіз тағамдарын жек көрем. Себебі, маған оның иістері ұнамайды. Маған ең көп қойылатын сұрақ: Неге мен Рымбаевпын? Менің үйде атқаратын бірнеше қызметім бар: мен ыдыс жуамын, қоқыс төгемін, және сыпырамын”.

Сонымен қатар, өзінің YouTube каналында Мади Рымбаев жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап береді. Төменде сол видеолардың бірі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз