Мен Ченге ғашықпын. Ол маған. Бұйырса, осы күзге қарай үйленсек деп жүрміз. Бұл сырымды осыған дейін ешкімге айтпап едім. Бірақ осы жолы әлеуметтік желіге жаза отырып, көпшіліктің пікірін, ойын білгім келеді. Өйткені үйлену, өмірлік жар таңдау оңай емес.
Өйткені болашақ жарым — қытай қызы. Жалпы, қытайлар жайында қазақтардың пікірі онша жақсы емес. «Түбі қытайдың жемсауына түсіп кетеміз. Қытай жұтып қояды. Қытаймен тек алыстан ғана сыйласу керек» деген секілді сыпсың сөзді жиі естимін.
Чен екеуміздің танысуымыз да қызық. Алматыдағы бір асханада танысып қалдық. Содан бері міне, жарты жыл болып қалды. Жақсы араласып кеттік. Ол осындағы бір жоғарғы оқу орнында оқиды екен. Қытайдың Шанхай деген қаласынан. Алғашындағы таныстығымыз жүре келе жақын достыққа, одан кейін махаббатқа ұласты. Қазақша тек «рахмет», «сау бол», «сәлем» дегеннен артық сөз білмейтін оны мен біршама қазақша үйреттім. Орысшасы тәуір.
https://kaz.365info.kz/shalkhyp-zhyrim-khytajga-eki-yl-tuyp-bergen-khazakh-khyzy-rahat-omir-keshude-foto-309105
Әрине, достарым «қытай қызына ғашық болатындай не болды? Қазақтан қыз таппадың ба? Астыңа салып ермек ет. Бірақ үйленбе? Ертең қытайдың балаларын көбейтетіндердің бірі сен боласың. Ол қыздың не ойлап жүргенін білмейсің. Қазір Қазақстанға келген кез-келген қытай қандай да жолмен болсын, осы жерде түпкілікті қалуға тырысады. Қазақтың қызына үйленеді, ал қызы қазақтың жігітіне тұрмысқа шығуға тырысады. Сөйтіп бала туып, қытай ұрпағын көбейпек. Оның артында осылайша қазақ жерін білдірмей жаулап алу мақсаты жатыр» деп қорқытады.
Бірақ Ченнен ондай бір жаман ойды, қылықты көрген жоқпын. Өзіме ұнайды. Томпиған ғана сүйкімді қыз.
«Үйленген соң, отбасылық бизнес ашайық. Мен қытай банкінен кредит аламын. Менде ондай мүмкіндік бар» деп қояды анда-санда.
Әзірге ата-анама, туғандарыма айтқан жоқпын. Тек «күзде үйленемін. Даярлана беріңдер» деп қойғанмын. Болашақ жарым қытайдың қызы десем, әке-шешем рұқсат бермей қоя ма депте ойлап қоямын. Не де болса, үндемей алып барсам, пәлен дей қоймас деп ойлап жүрмін.
https://kaz.365info.kz/akhsha-zaman-baraholkanyn-khytajy-meni-akhshaga-satyp-alyp-zhyr-khazakh-khyzy-289183
Бірақ достарым
«қазақта қыз құрып қалды ма, ертең үйіңе қонаққа барсақ, дастарханға бақа-шаян пісіріп қойса, қайтеміз», деседі.
Осындай сөздерден кейін кейде ойланып қаламын.
Бірақ Ченмен кездескен кезде бәрін ұмытып кетемін. Сіздер қандай ақыл қосасыздар.
Қазір жиырма бірінші ғасыр емес пе? Кім қай ұлттың қызын аламын, қай ұлттың жігітіне тұрмысқа шығамын десе ерікті ғой?!..
Серік Нұртілеу
https://kaz.365info.kz/zhannyn-rahaty-eken-shalakhazakh-khyzga-yjlengen-zhigit-nege-khuandy-276480