— Шын мәнінде ұлттық баяндама біреу емес, тұтас бір серия. Нақты халықаралық шарттардың – пактілер мен конвенциялардың орындалуы туралы конвенциялық баяндамалар бар. Әдетте мемлекет олардың орындалуы жөнінде 4 жылда бір есеп береді.
Бірақ бұл кезеңділік әрдайым қатаң сақталмайды. Кейде баяндамалар аздаған кідіріспен беріледі немесе бірнеше кезеңдерге біріктіріліп жасалады
Мысалы, нәсілдік кемсітушілікті жою туралы халықаралық конвенцияның орындалуы туралы баяндамалар осылай жасалады. Әр түрлі конвенциялар бар, олардың әрқайсысы бойынша есеп береміз.
– Ал мемлекеттен қандай Мемлекеттік орган баяндама дайындайды?
– Әр түрлі. Жалпы, әдетте, басты халықаралық құжаттардың бірі — Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің орындаушысы Әділет министрлігі болып табылады. Азаптауға қарсы Конвенция бойынша әдетте Бас прокуратура ІІМ-мен бірлесіп жазады. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Конвенция бойынша – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Яғни, соған маманданған орган жазады. Бірақ әрдайым үйлестіруші орган Сыртқы істер министрлігімен бірге Әділет министрлігі болып табылады. Себебі баяндамалар дипломатиялық арналар арқылы жіберіледі. Әдетте адам құқықтары жөніндегі уәкіл есеп береді. Егер баяндама олардың тақырыбына байланысты болса, делегацияға Бас прокуратура мен басқа да министрліктердің өкілдері кіреді.
Сонымен қатар, Әмбебап мерзімдік шолу аясында төрт жылда бір рет жалпыланған есеп беріледі. Бұл барлық құқықтар туралы. Соңғы есеп, егер қателеспесем, 2019 жылы болды.
— Азаматтық қоғам, ең алдымен құқық қорғау ұйымдары әрқашан ресми баяндамаларға түсініктеме беруге тырысады немесе балама баяндама жазады. Ол көлеңкелі деп те аталады. Бірқатар мәселелер бойынша біздің ұйым өз еркімен үйлестіруші рөл атқаруға тырысады.
Әрине, ұлттық және көлеңкелі баяндамалар мазмұнындағы айырмашылық айтарлықтай көп
Мемлекет барлығы дерлік орындалды деп айтқан жерде, біз ештеңе орындалған жоқ дейміз. Немесе орындалған нәрсе қандай да бір жүйелік өзгерістерге әкелмейді. Бұл азаптауға қарсы күреске де, Әмбебап мерзімді шолуға да, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге де қатысты. Балама баяндамалар жасаған кезде біз әрқашан сыни пікірлер айтып қана қоймай, ұсыныстар да береміз деп айтар едім. Ұлттық баяндамаларды қарау нәтижелері бойынша
біздің ұсыныстарымыздың көпшілігі, әдетте, осы конвенциялық органдардың ұсыныстарында көрініс табатынын
мақтанышпен айта аламыз.
– Жоспарда жеке тармақ адам саудасына қарсы күреске арналған. Ал бұл Қазақстанның басты мәселесі ме? Әлде басқа нәрсеге назар аударуда ма?
— Қазір халықаралық деңгейде естуге болатын бірнеше мәселе бар. Олардың ішінде бірқатар мәселелер – сезімтал немесе саяси сезімтал. ЛГБТ құқықтары немесе бейбіт жиналыстарға құқық беру түріндегі саяси құқықтар сияқты. Қазақстан мұндай мәселелерді қозғағанды аса ұнатпайды.
Бір жағынан, адам саудасы туралы естиміз, ал екінші жағынан, саяси сезімтал емес
Қазақстанда ол бар, бірақ әлемнің басқа елдеріндегідей күрделі емес. Яғни, онымен жұмыс жасап, халықаралық деңгейде жақсы есеп беріп, ұпай жинауға болады.
– Бүкіл бір бөлім азаптау мен қатыгездікке арналған. Бұл тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты ма, әлде тек мемлекет есебінен адамдарды ұстау орындары туралы ма?
– Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың азаптауға қатысы жоқ. Бұл тармақта азаптауға қарсы конвенцияның орындалуы туралы айтылады.
Шын мәнінде, Ыстамбұл хаттамасын Қазақстанда енгізу әрекеті өте жақсы бастама. Себебі бұл БҰҰ әзірлеген азаптау шағымдарын тиімді тергеу жөніндегі нұсқаулығы. Біз бұл туралы ұзақ уақыт айттық, өйткені азаптау туралы хабарламаларды тергеушілер осы құжатты басшылыққа алуы керек.
Неліктен азаптауға қарсы күрес Үкімет жоспарында айтылған? Адам саудасы сияқты азаптауға қарсы күрес те саяси тұрғыдан бейтарап
Ия, бұл құқық қорғау органдарының мүмкіндіктерін азайтады, өйткені олар бізде азаптау мен қатыгездікті негізгі қолданушылар болып табылады. Дегенмен, бұл саяси сезімтал емес. Айтпақшы, барлық сынға қарамастан,
Қазақстанда азаптауға қарсы күресте айқын жетістіктер бар. Осы бағытта және одан әрі алға жылжу мүмкіндігі көп
Сондықтан, бұл тармақ күн тәртібіне ерекше саяси беделге нұқсан келтірмей-ақ кіреді.
– Құжаттарда саяси сезімтал мәселе – азаматтардың бірігуге еркіндік құқығы туралы бар. Бізді тосынсыйлар күтіп тұр ма?
— Іс жүзінде ешқандай серпіліс жоқ. Себебі бірігу құқығы саяси партияларға бірігу құқығынан басталады. Бұл тұрғыда бізде партияны тіркеу үшін мүше адамдар санының шегін 40 мыңнан 20 мыңға дейін қысқартудан басқа ештеңе жасалған жоқ. Және Парламентке өту шегін төммендеткен кезде партияларды тіркеу мүмкін болмады. Бұл туралы Үкіметтің жоспарында ештеңе жоқ.
Кәсіподақтар туралы да ештеңе жоқ. Оларға қатысты да айқын ештеңе жоқ. Себебі тәуелсіз кәсіподақтарды белсенді түрде тұншықтырып, көшбасшыларын қудалайды. Бұған айқын мысал – Тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясынан Лариса Харькованы алайық, әлі жазасын өтеп жатыр. Яғни, бұл бірлестіктерге әлі де қысым көрсетілуде. Сондықтан мен ешқандай серпілісті көрмей тұрмын.
Менің ойымша, олар тағы да “бірігу құқығы” ұғымының кең тізімінен саяси сезімтал емесін таңдайды
Бірақ ол жүйелік өзгерістер әкелмейді.
Екінші жағынан, егер қоғамдық бірлестіктерді тіркеу тәртібі жақсарса, бәрі жақсы болады. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының жұмысы мен мемлекеттік тапсырыс аясында ҮЕҰ-ны қаржыландыру тұрғысынан өзгерістер орын алса – бұл да жаман емес. Бірақ бұл да серпіліс емес. Алайда үкіметтің жоспарларындағы бұл тармақтың өзі әжептеуір ауқымды.
– Сіз ҮЕҰ қызметін мемлекеттің гранттық қаржыландыруы туралы айтып өттіңіз. Жақсы мемлекеттік тапсырыс бола ма?
– Басқаша айтсам, тапсырыс бар. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы арнайы заң бар. Жылдар бойы жүйе біраз процедуралық өзгерістерге ұшырады. Бұрын ҮЕҰ қаражатты әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешу бойынша қызмет саласына байланысты жобаларға нақты министрліктер беретін. Содан кейін 2016 жылы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы құрылды. Конкурстық комиссиялары бар және кейін гранттарды бөлетін мемлекеттік қаржыландыру операторы деп аталды. Ал бұл, жыл сайын бірнеше миллиард теңге.
Бұл жүйе лоттарының тақырыбы бойынша да, олардың қалай таңдалғаны мен шешім қабылдау тәртібі бойынша да қатты сынға ұшырауда
Менің ойымша, бұл салада олар бір нәрсені жақсартуға тырысуда. Мысалы, процедураларды ашық, тиімді және орынды ету. Бұл жаман емес және болжамды нәрсе. Халықаралық аренада осы тақырып бойынша да рейтингтік ұпай жинауға болады.
– Үкіметтік жоспардың сотталғандардың құқықтарын қорғау туралы 19-тармағы қызықты болып тұр. Онда төтенше қауіпсіздік мекемелерін болашақта тарату және алғаш сотталғандарды рецидивистерден бөлек отырғызу қажеттілігі туралы айтылады. Бұл не деген сөз? Ең қауіпті қылмыскерлер қауіптілігі төмен адамдармен бірге отырғызыла ма?
– Мен осы “қауіпсіздік мекемесі” атауына үзілді-кесілді қарсы екендігімнен бастайын. Қазақстан ағылшын тіліндегі “sequrity” сөзінің өте сәтсіз аудармасын пайдаланады. Бұл тек “қауіпсіздік” ғана емес, “күзет” дегенді де білдіреді. Жақсы жағынан айтсақ, бұл күзет дәрежесі максималды түрме туралы. Бірақ максималды қауіпсіздік емес, өйткені түсініксіз – кімнің және кімнен қауіпсіздік? Одан да “режим” ұғымына оралғанымыз немесе “күзет” сөзін қолданғанымыз дұрыс.
Максималды қауіпсіздік мекемелерін таратуға қатысты. Бізде қауіпсіздік деңгейі әртүрлі колонияларымыз бар – минималдыдан төтеншеге дейін. Қоныс-колониядан бастап Арқалықтағы түрмеге дейін.
Менің ойымша, осы тармақты орындау кезінде қылмыстық-атқару жүйесінің қандай да бір буынын алып тастайды
Шындығында, бұл тәжірибелік деңгейде қалай болатыны белгісіз. Бірақ бірінші рет сотталғандарды рецидивистерден бөлу – дұрыс қадам.
Егер қоғам түрмелердің таратылуы аса қауіпті қылмыскерлерді күзету дәрежесін төмендетеді деп қорқатын болса, бұл бос уайым. Менің ойымша, біз Қазақстан көшелерімен жергілікті “бұзақылардың” жүре бастайтынының емес, қандай да бір оңтайландырудың алдында тұрмыз.
– Кезекті рақымшылық жасалатын болды. Алдымен қамауға алып, кейіннен босататын тәрізді сезім туындайды. Мемлекет қылмыскерлерге кешірімді жиі жасап жатқан жоқ па?
– Бізде рақымшылық, негізінен, республиканың мерейтойлық шараларына байланысты жасалады. 2021 жылы ол тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылған.
Мемлекеттің осы кезекті адамгершілік әрекетімен нені көрсеткісі келетінін нақты білу үшін заңның мәтінін әрдайым мұқият оқып шығу керек. Және, әрине, рақымшылыққа мүлде түспейтіндерді есте ұстаған жөн, олар:
Бірқатар санаттар бойынша сотталғандарға жаза мерзімін қысқартады, бірақ еркіндікке шығармайды. Әдетте рақымшылық біз ойлағандай көп адамдарға берілмейді.
Мысалы, 2012 жылғы рақымшылық бойынша 60 мың сотталғандардың 2 мыңға жуығы бостандыққа шықты. 2016 жылы – 1,5 мыңнан төмен. Олардың барлығы зорлық-зомбылықпен байланысты емес кішігірім және орташа қылмыстар жасаған.
Бірақ сіз дұрыс айтасыз, бұл
рақымшылық, әдетте сотталғандардың үлкен тобын оқшаулаудың қажеті жоқ екенін растайды. Жаза тағайындалсын, бірақ оқшаулаудың қажеті жоқ
Немесе олардың отырған мерзіміне қарай қоғамға ешқандай қауіп төндірмейді деп босатуға болады. Әрбір рақымшылық, өкінішке орай, Қазақстанда айыптауға бейімділік және сот төрелігінің жазалау жүйесі өмір сүруін жалғастырып жатқанын көрсетеді. Ал рақымшылық белгілі бір мағынада осы олқылықты түзетеді.
— 9 маусымдағы президенттің жарлығы және екі күннен кейін Үкіметтің іс-қимыл жоспары 16 маусымда Женевада өткен саммитке орай асығыс жасалды деп ойламайсыз ба?
– Бізде, өкінішке орай, көптеген қадамдар сыртқы пайдаланушылар үшін жасалуда. Мен саммитке БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі болуға деген ниетімізді де қосар едім. Бірақ қазіргі жағдайда мен жарлық пен жоспардың қабылданғаны қалай болғанда да жоқтан жақсы деп санаймын. Әрине, барлығы адам құқықтары мәселесін мұқият пысықтағысы келді.
Бірақ мемлекет құқықтар мен бостандықтарды сақтауға дәйекті және қатаң түрде кірісуге әлі бейім емес.
– Ал жарлық пен жоспарға не кірмеді? Құқық қорғаушы ретінде бұл құжаттардан не күтесіз?
– Өкінішке қарай, бейбіт жиындар көрініс таппады. Қажет еді, өйткені заң нашар. БАҚ пен сайлауға байланысты мәселелер жоқ. Тек “тіл тигізуді” қылмыссыздандыру жоспарлары туралы айтылған.
“Өсең-аяң” да қылмыссыздандырылмағанын бірнеше рет айттым. Сондай-ақ тіл тигізу де солай. Бұл баптарды Қылмыстық кодекстен Әкімшілік кодекске механикалық көшіру қылмыссыздандыру емес
Себебі дәл солай жазалайды, тек аздап жұмсақтау — үш жылдың орнына 30 күнге қамауға алады. Ал айыппұл қалай болды, солай қалды. Қылмыссыздандыру бапты азаматтық құқыққа аударуды білдіреді.
Ал біз сот төрелігін ізгілендіру жүріп жатыр деп пайымдауды жалғастырудамыз. Яғни, байыпты саяси қадамды және жүйелі өзгерістерді талап ететін көптеген нәрселер бар. Өкінішке орай, соңғы жаһандық мемлекеттік құжатта көрініс таппады.