Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматы облысында бірнеше акция өтті

155

Мемлекеттік рәміздер –  біздің мемлекетіміз бен егемендігіміздің негізі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы»  конституциялық заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Биыл біздің еліміз бұл атаулы күнді 13-мәрте мерекелеуде.

Алматы облысының ішкі саясат бөлімі мен «JETISÝ MEDIA» КММ Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Көк тудың желбірегені» акциясын өткізді. Іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтарына зияткерлік сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап берген адамдарға мемлекеттік тудың шағын үлгілері берілді.

Осылай Талдықорғанның мыңға жуық тұрғыны зияткерлік сайысқа түсіп, ҚР мемлекеттік рәміздері туралы сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, меркелеу барысында «Болашақ» ықшам ауданының үш тұрғын үйінің әр қабатында Қазақстан Республикасының туы ілінді.

Мемлекеттік нышан «Журналистер үйі»  ғимараттың екі жағына да орнатылғанынын атап өту керек.

Жетісулықтар да челленджге қолдау көрсетті, олар әлеуметтік желілерде #туымтұғырым тэгімен суреттер мен видеолар жүктеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара тәуелсіз еліміздің негізі болған Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету үшін ұйымдастырылды.

Мемлекеттік рәміздер  – біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің  мызғымас тірегінің бірі. Олар қасиетті Тәуелсіздігіміздің нышаны, — деп атап өтті  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздер  – ұлт қазынасы. Ту, елтаңба мен әнұран — халқымыздың рухани күшінің көзі екенін ұмытпауымыз керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз