Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жұмыс істеуден бас тартқандарға әлеуметтік жәрдемақы төленбейді

Осы себепті келер жылдан бастап елімізде әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіледі. Ол үш жәрдемақы түрін біріктірген: арнайы, балалар (ол отбасы табысына тәуелді) және мекен-жай бойынша көмек. Құжаттарды да жинау бір ізге түсіріледі.

Қазір аз қамтылған отбасыларға берілетін ең төменгі жәрдемақы 6396 теңге. 2018 жылы оның көлемі 2,5 мың теңгеге артады.

Ал мекен-жай бойынша көрсетілетін көмектердің игілігін кәмелетке толмаған балалар, бала қарап отырған аналар мен белгілі себеппен жұмыс істей алмайтын еңбекке жарамды азаматтар көре алады.

Ал кімде кім жұмыс істеуден бас тартса, онда ол адамға жәрдемақы берілмейді.

“Егер отбасында еңбекке жарамды азаматтар бар болса, онда олар жұмыспен қамту бағдарламасына атсалысуы тиіс. Көрсетілетін көмектен бөлек оларды оқытып, жұмысқа тұрғызады. Ал егер қарсы болса, онда мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек белгіленбейді,

егерде өз еркімен бағдарламаға қатысудан бас тартса, төлем түбегейлі тоқтатылады”,

– деді министр Тамара Дүйсенова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз