Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Меломен” тобы: Латын әліпбиін қолданысқа енгізуге өнер иелері де өз үлестерін қосуы керек”

178

– Қазіргі жаһандану заманында ақпарат алмасудың және технологияның тілі ағылшыншаға басымдық беріліп отыр. Осы ағылшын тілінің өзі түп төркіні және бастаулары көне грек, римдегі латын алфавитінен бастау алғаны тарихтан белгілі. Кейін ағылшын тіліндегі алфавит ретінде кеңінен қолданысқа енді.

Енді, осындай жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасы әлемдегі дамыған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін және бүкіл дүниежүзілік ақпарат пен технологияның, білім мен ғылымның кеңістігіне енуі үшін аса қажет латын алфавитін үйрену, меңгеруі және сол алфавитте жазуға көшуге қадам жасауы заман талабынан туындап отыр, – деді бұл ретте топ мүшесі Ролан Қазіретов.

Ал Қайрат Мырзахановтың айтуынша, латын әліпбиін тездетіп қолданысқа енгізуге өнер иелері де өз үлестерін қосуы керек. 

– Иә, алфавит ауыстырып, оны үйрену, сауатты жазуды меңгеру, бұрынғы шығармаларды қайта аудару және тағы басқа мәселелер бар. Бірақ біз мұның барлығын еңсерерімізге сенімдімін, – деді осы орайда топ мүшесі. 

Артынша топ мүшелері мен шараға жиналған студенттер қауымы өзара пікір алмасып, латын әліпбиі төңірегінде түрлі көзқарастарымен бөлісті. 

Жиын соңында “Меломен” тобының мүшелері осынау шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаевқа және оқу орнының Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Жанатбек Ішпекбаевқа алғыстарын айтты. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз