Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мектепке тамызда: танымал педагог COVID-19-дың екінші толқынының алдын алуды ұсынды

1803
Сурет: © rusvesna.su

Педагог Архимед Искаков мектептердегі қашықтан оқытудың ақыры жақсы болмайды деп есептейді. Өткен оқу жылының төртінші тоқсанында бұл мәжбүрлі шара болды. Нәтижесінде уақытты босқа, пайдасыз өткіздік. Жаңа оқу жылында барлығының орнын толтырып, алдағы уақытта жаңа карантин режимі енгізіліп қалған жағдайға дайын болуымыз керек. Педагог бұл үшін оқуды тамыз айынан бастауды ұсынды. Ол ең болмағанда күніне үш сағаттан, сыныпта балалар көп болмас үшін үш ауысыммен оқыту қажет дейді.

Білім саласына жеткілікті мән бермегеннен  кәсіби мамандар азайды

— Архимед Мыңбайұлы, мектепткер күзде  қашықтан оқытуға қаншалықты дайын? Мәселен, материалдық-техникалық қор толыққанды қашықтан оқыту процесін ұйымдастыруға мүмкіндік бере ме?

— Қазіргі қолда бар материалдық база тым жоғары деңгейде болмаса да, әйтеуір бұл процесті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бірақ қашықтан оқыту дегеніміз —  толыққанды білім беру емес. Жалпыға ортақ платформаларда үй тапсырмасын берудің орнына, оларды ватсап арқылы жіберіп отырды. Кері байланысты да солай орнатты.

Қазір министрлік пен аймақтық басқармалар семинарлар өткізіп, қандай да бір шараларды қолдануға тырысуда. Бірақ

қашықтан оқытуға ең жоғары деңгейде дайындалып, барлық жерге кең жолақты интернет жүргізіп, әр балаға бір компьютерден берсе де, нәтижесі нашар болады

Өткен жылдың соңында балалар білім алды деп ата-аналарды тыныштандыра аламыз. Бірақ бұл сандырақ. Массачусетс технологиялық институтын теориялық тұрғыдан қашықтан оқып, бітіруге болады, бірақ бұл практика жүзінде мыңнан бір студенттің ғана қолынан келеді. Ол үшін өзіндік ойлау жүйесі, мақсаттарды айқын қоя білу қабілеті керек. Біз аздаған жағдайларды мысалға келтіре алмаймыз.

Себебі білім беру дегеніміз тек теоремалар мен мысалдар ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмысы да. Сыныпта күн сайын және сағат сайын мыңдаған байланыс орнайды. Бұл процеске алты мыңдай жыл болды. Балалар менсіз де анықтаманы ашып, керектісін тауып алады.

Ал тәрбие жұмысына жеткілікті мән бермеуге болмайды.

Бүгін бізге ауылшаруашылығы немесе қорғаныс министріне қарағанда білім министрі маңыздырақ

Егер білім министрі өз жұмысын дұрыс атқармаса, оның кесірі бізге тиеді. Әсіресе пандемия секілді қиын жағдайларда. Қазір біз барлық салада — медицинада да, аймақтық және жергілікті деңгейде де кәсіби мамандардың жоқ екенін көрдік. Мәне білім беру саласына жеткілікті көңіл бөлмеудің ақыры осы болды.

Тамыз айынан бастап оқуды бастайық

— Жалпы алғанда біз қашықтан оқытуға дайынбыз. Бірақ мектептер де, министрлік те бір жылын босқа жоғалтатынын түсінеміз. Соңғы тоқсанды қашықтан оқытумен бітіргеніміз қолдан келген жалғыз амал болды.

Бұл мүлдем оқымағанға қарағанда жақсырақ еді

Тіпті ең жақсы платформалардың да келіп кетер пайдасы аз. Қашықтан оқыту дегеніміз —  біздің мектептерде қолданылып жүрген процестен мүлдем бөлек.

— Бірақ жаңа карантин жариялайтын болса, бәрібір санитарлық талаптарды сақтауға тура келеді ғой. 

— Иә, барлығы жағдайға байланысты. Айтпақшы, тамыз айының басындар барлығы тұрақталса, сондай-ақ жақсы ауа-райын пайдаланып,

балаларды мектепке аптасына үш рет жинап, күніне 3-4 сабақтан өткізуге болады. Бір аудиторияда отыратын балалардың санын азайту үшін тіпті 2-3 ауысымға да бөліп тастауға болады

— Балалардың бір ай дамалысын тартып алудың не қажеті бар?

— Әдеттегі оқу жылының өзінде балалар үш ай демалыстан оралып, барлығын ұмытып келеді. Біз бірінші тоқсан бойы өткенді қайталап, тек қараша айында ғана шынайы оқып бастаймыз. Бұған дейін өткен жылы оқығандардың барлығын еске түсіруге тура келеді.

Егер тамызда оқитын болсақ, жаңа тақырып берудің қажеті жоқ, тек өткенді қайталаймыз. Мен математика, ағылшын тілі мен физиканы қосар едім. Тарихты қашықтан оқуға болады, бірақ математика мен ағылшын тілін оқу қиынға соғады.

Бұдан қандай пайда болады? Мәселен, қыркүйек айында қалыпты жағдай болады, карантин енгізілмейді деллік. Біз соны пайдаланып, еш тербеліссіз дәстүрлі күндізгі оқы жылын бастап кетеміз. Бірінші тоқсанның өзінде көп шаруаны бітірер едік. Ал бірінші тоқсанда карантин жарияласа, көп нәрсені жоғалтпаймыз.

Қалалық білім басқармасы тексеріп, кедергі келтірудің орнына көмектесуі керек

— Қалай болғанда да бұл  шараның болашаққа пайдасы болары сөзсіз. Ал техникалық тұрғыдан оңай ұйымдастыруға болады. Сыныптар толып кетпес үшін оқушылардың үштен бірі ғана келсін. Мен арнайы жылжымалы тақта мен маркер алып, ауа-райы жақсы болса, таза ауада сабақ өткізер едім. 6-7 партаның арасын алыс қойсақ, вирус жұқтыру қаупі төмен болады.

— Біздің білім беру органдары жаңа оқу жылының алдында тағы нені ойластырғаны жөн?

— Мектептерге арналған кадрларды даярлауға баса назар аудару керек. Тербеліп-теңселіп жүретін уақытымыз жоқ, жақын екі-үш жылда бізге сапалы мамандар керек. Екіншіден, білім беруді қаржыландыру туралы реформа қажет. Қазір кез келген мектеп директоры өз бетімен бастама жасаса, оны тергеп-тексеріп, қамауға дайын тұрады.

— Не себепті?

Себебі ол салық ведомствосынан немесе прокуратурадан келген жас азаматқа компьютерді неліктен ана фирмадан емес, мына фирмадан алғанын  түсіндіре алмайды. Ал

тексеруші ешнәрсені түсінбегендіктен, қаржы жымқыруы мүмкін деп одан күдіктеніп тұрады

Білім беру процесін мүлдем басқа жолмен ұйымдастыру керек. Біздің қалалық білім басқармалары мұғалімді тағы бір мәрте тексеріп, жұмысына кедергі келтірудің орнына көмектесуі керек. Олардың ешқайсысы маған бір нәрсені үйрете алмайды. Олар мені тесерудің орнына, әдістемелік әдебиеттер әкеліп, пайдалануыма жағдай жасауы керек.

Мен бірде бір қалалық білім беру басқармасы бастығының министрдің алдында берген есебінде жаңартылған бағдарламаның нашар екенін айтқанын естімедім. Себебі олар оны өздері де түсінбейді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз