Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Мамандар: Спиннер ойыншығын кездейсоқ адамнан алуға болмайды

Қазір олар мектеп жасына дейінгі балалар ересектердің қадағалауынсыз спиннермен ойнамағаны жөн екенін ескертуде.

«Ата-аналар мен ұстаздар қауымының осы ойыншыққа қауіппен қарайтынына байланысты Ресей тұтынушылар құқығын қадағалау қызметі мен ғылыми зерттеу ұйымдары бірлесе отырып, спиннерлердің бала денсаулығына зияны бар ма, олар жасөспірімдерге қалай әсер етеді дегенге зерттеу жүргізді», – дейді мамандар.

Қазір аталған ведомство өкілдері баласына спиннер сатып алғысы келген ата-аналарға арнайы ұсыныстар айтуда. Олар спиннерлерді кездейсоқ адамдардан сатып алмауға кеңес беруде.

Сондай-ақ, спиннерлерден химиялық қоспалар иісінің шықпауы мен дыбысының қатты болмауын ескеруді айтқан.

Жарығы мен музыкасы бар спиннерлерді мектеп жасына дейінгі балалар ата-аналардың бақылауымен ғана ойнағаны дұрыс деп отыр мамандар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз