Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мамандар Сирияда химиялық қарудың қолданылғанын растады

Биыл 4-сәуірде болған әуе шабуылынан 87 адам қаза тапқан еді. 10 құрбаннан алынған сынамалар төрт зертханада зерттелген. Сынамалар қаза тапқан үш адамнан және жарақат алып, емделіп жүрген жеті адамнан алынған.

Зерттеу нәтижесінде мамандар зарин немесе заринге ұқсас зат қолданылғанын анықтады.

Ұйым өкілдері енді зардап шеккен қалаға барып, зерттеуді жалғастыруға ниетті. Әзірге зардап шеккендерден ғана сынама алып жатыр.

Әуе шабуылынан кейін тұрғындардың тынысы тарылып, тұншыға бастаған. Зардап шеккен тұрғындардың көз қарашығы кішірейіп, ал балалардікі үлкейіп кеткен.

Оппозиция белсенділері бұл шабуылға Сирия үкіметін айыптады. Ал өз кезегінде Дамаск мұны жоққа шығарды. Осы шабуылдан үш күн өткенде америкалықтар Сирияның Хомс провинциясының батысындағы Шейрат аэдромына 59 зымыран жөнелтті. Бұны Дональд Трамп Идлибтегі химиялық шабуылға жауап деп мәлімдеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз