Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Мамай ісі бойынша куәгер: себебін сұрамастан, ақшаны апарып бердім

Прокурор мен адвокаттардың сұрағына жауап берген Ғалымжан Аханов 20 мың доллардан өзге ақшаны кімдер алғанын мүлде білмейтін болып шықты. Бірақ ол «жеке басының қауіпсіздігі үшін кездесу алдында жаңа телефон мен sim-карта сатып алып, ізінше лақтырып тастағанын» айтты.

Осыған дейін прокурор жариялаған айыптау актісінде БТА Банктің бұрынғы басшысы, оппозициялық саясаткер «Мұхтар Әбіләзов жымқырған қаржысының ізін жасыру мақсатында 2011-2014 жылдары БТА Банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары, сол кезде шетелде болған Жақсылық Жарымбетов арқылы Жанболат Мамаймен байланысқан. Жарымбетов Мамаймен Skype арқылы байланысқан және үшінші адам арқылы 110 мың доллар көлемінде қаржы берген. Мамай қаржыны газет шығаруға жұмсаған» деп көрсетілген еді.

Жанболат Мамайдың ісі бойынша сотта БТА Банктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Жақсылық Жарымбетов те куәгер ретінде жауап берген. Жанболат Мамайға ақша бергенін растаған ол «елге тәуелсіз БАҚ керек деп санағандықтан көмектескенін» айтқан.

Оппозициялық «Трибуна. Саяси қалам» газетінің редакторы міндетін атқарушы 28 жастағы Жанболат Мамай 2017 жылы 10 ақпанда қамалып,тамыздың 14-інен бері сотқа тартылып жатыр. Мамай Мұхтар Әбіләзовпен қандай да бір байланысы барын жоққа шығарып, айыптың саяси астары бар екенін айтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз