Оңтүстік Қазақтан облысында тастанды бала анасын табу үшін ән кешін өткізді.
Бұл туралы tvk-uko.kz хабарлады. Телеарнаның хабарлауынша, анасына арнап ән кешін өткізген Айдос Қалиеванасын тапқысы келеді. Балалар үйінде тәрбиеленген өнерлі жігіт, концерттің атын “Анаға сағыныш” деп қойған.
https://kaz.365info.kz/b-l-meni-balam-almatyda-tu-an-ana-men-ba-an-ana-s-bige-talasyp-zhatyr-video-246702
“Бүгінгі кештің тақырыбы – “Анаға сағыныш”. Өйткені ол өзімнің шынайы өмірімнен алынған тарих. Сүрең тарих. Әлі күнге дейін мен үшін шешілмеген сұрақ.
Құдай қаласа, осы кештен кейін анамды тапсам деймін. Анамды іздеумен айналысамын.
Бүгінгі кеш өте әсерлі кеш болмақ. Бұл жерде қазіргі жастарды, жас аналарды балаларын тастамаса екен, ешбір сәби далада қалмаса екен деген мақсат бар”, – деді Айдос Қалиев.
https://kaz.365info.kz/tastandy-bala-zhanynan-keshir-balam-degen-hat-tabyldy-289792
Айдос Қалиев осы концертінен соң үзіліс алып, альбом шығаруды жоспарлап отыр. Жас әнші демеушілер табылса біраз белесті бағындырғысы келеді. Ал бағындырар белесінің ең үлкені – анасын табу.