Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ләйлә Сұлтанқызы ауылдық жерде тұратын мүгедек балалары бар аналарды байқауға қатысуға шақырды

Бала туылғаннан жан-жағына қарап өзінің ерекше екенін біледі. Оның бойында ұяңдық пайда болады, қысылады. «Мен басқамын, мен ерекшемін, неге осындаймын?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Егер ана жылап отыра берсе немесе оның күйеуі де соны айтатын болса баланың бойында бұл сезім күшейе түседі.

Ананың көзіне бақытты бала көрінсе сол кезде бала өзінің ерекше екенін ұмытады. Аналарға үндеу тастағым келеді. Қазақстанда қаншама мүгедек бала бар. Ол балаларды бөліп-жарып, «сендер сондайсыңдар» дей бергенннен гөрі елмен қатар осындай байқауларға қатыстыру көп жағдайда аналардың қолында», – деді тележүргізуші.

Ол шалғайдағы ата-аналарды байқау туралы ақпараттандырудың өте қажет екенін атап өтті.

«Менің ауыл-аймақта тұратын туыстарым бар. Олардың да ерекше балалары бар. Кішкентай кезімізде көршіміз болды. Біз оны мазақтайтын едік. Бірақ оған еш уақытта «сен сондайсың, бірақ сен де бәріміз сияқты бірінші бола аласың деп» айтпайтынбыз. Осыдан кейін біз аяқ-қолымыз сау болғаны үшін өзімізді кінәлі сезінетін шығармыз. Қазір біздің қолымыздан келетіні – ол дұрыс ақпараттандыру және олардың елмен бірдей екенін жеткізу.

Сіздер үшін де арнайы байқаулардың бар екенін және оған қорықпай қатысып, сіздердің ерекшеліктеріңіз, керісінше, осы екенін жеткізу. Ауыл-аймақтағы аналар, өздеріңізбен өздеріңіз жабылып қалмасаңыздар екен, өздеріңізбен өздеріңіз жабық әлемде өмір сүрмесеңіздер екен. Сіздер де қатысыңыздар, ұмтылыңыздар, келіңіздер. Сіздің балаңыздың ерекшелігі, керісінше, жеңімпаз болуға итермелеуі мүмкін», – деді Ләйлә Сұлтанқызы баспасөз мәслихатында.

Фестиваль іріктеу кезеңі 6-24 сәуір аралығында облыстарда және Астана, Алматы қалаларында өтеді. 26-28 мамыр аралығында Астана қаласында респуликалық кезең және 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.

Балалар фестивальге вокал, аспапта орындау, ым-ишаратпен орындау, хореография, бейнелеу қнері және көркем-қолданбалы өнер номинациясы бойынша қатыса алады

. Ал спартакиадада шағын футбол, үстел теннисі, отырып ойнайтын волейбол, жеңіл атлетика (жүгіру, эстафета), ұлттық спорт түрлері (бестас, асық ату), голбол, жүзу секілді спорттың жеті түрінен бақ сынайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз