Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Күлгінов неден артық кетті және Сағынтаев неден сүрінді?

210
Дереккөзі: slovoidilo.ua

“Стратегия” ҚҚ 2020 жылдың екінші жартысындағы атқарған қызметтерінің тиімділігі бойынша облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің рейтингін жасады.

Жұмыс бес критерий бойынша бағаланады:

  • тұрғындардың әкім жұмысына қанағаттануы,
  • аймақтағы экономикалық жағдайды басқару,
  • ішкі саяси жағдайды басқару (оның ішінде аймақтық кландарды теңдестіру),
  • ақпараттық ашықтық (оның ішінде әлеуметтік желілерде),
  • саясаткер ретіндегі әкімнің болашағы.

Бағалау 7 балдық шкала бойынша жүргізіледі, мұнда 1 – сипаттаманың болмауы, ал 7 – оның ең жоғары көрсеткіші.

Сауалнамаға әр түрлі қызмет салалары мен аймақтардан 41 сарапшы қатысты.

Алғашқы үштік

Қорытынды бойынша бір ғана әкімнің жиынтық бағасы 4 балдан жоғары болды (7 балдық шкала бойынша) – 4,1

Бұл БҚО әкімі Ғани Есқалиев, оның рейтингінің өсуі соңғы бір жарым жыл ішінде біртіндеп жалғасып, 8-ші орыннан 1-ші орынға көтерілді.

Есқалиев барлық бес номинация бойынша тұрақты нәтиже көрсетіп, 4-тен астам балл жинады. Алайда, ол бірінші орынды (4,18) тек “болашақ” параметрі бойынша алды.

Оның облыстағы экономикалық жағдайды басқару (2 орын — 4,12), халықтың қанағаттануы (2 орын — 4,06), ақпараттық ашықтық (2 орын — 4,06) сияқты параметрлер бойынша бағасы салыстырмалы түрде жоғары. Сарапшылар оның ішкі саяси жағдайды басқаруын ең төмен бағалады (4 орын — 4,06).

Екінші орын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа бұйырды (3,98). Бұған дейін ол бірінші орынға ие болған еді, әлеуметтанушылар оның бірінші орынды жоғалтуын болашағының төмен бағалануымен түсіндірді (14 орын — 2,88). Басқа төрт номинация бойынша ол 4 балдан жоғары көрсеткіш көрсетіп, бірінші орындарды иеленді.

Атап айтқанда, сарапшылар әкімнің бірегей экономикалық әдістерін атап өтті:

“медициналық мақсаттағы каннабис – бұл мықты шешім”

Үшінші орында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев (3,9). Оның позициясы да біршама нашарлады (екінші орыннан үшінші орынға ауысты). Бірінші үштіктің басқа көшбасшыларынан айырмашылығы, Шөкеевтің бағалары тұрақсыздығымен ерекшеленді. Үш параметр бойынша оны бағасы 4 балдан төмен және тек екеуінен 4 балдан жоғары – ішкі саяси жағдайды басқару (3 орын  – 4,09) және болашақ (3 орын – 4,06). Ақпараттық ашықтық бойынша ол тек 12-ші орында (3,42).

Болашақты бағалауда пікірлер алуан түрлі

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов рейтингте 4-орынды сақтап қалды (3,78).

— Пікірлерде сарапшылар “зейнеткерлер мен эмигранттар төңірегінде жақсы нәтиже көрсету қиын” екендігіне назар аударған. Сондай-ақ, “өз орнындағы адам, көптеген бұрынғы кәсіпорындар қалпына келтірілген”, – деп жазады зерттеу авторы.

Көшбасшылардың алғашқы бестігін Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 3,75 көрсеткішімен аяқтайды. Сонымен қатар, ол рейтингтегі орнын жақсартты (7-ден 5-орынға көтерілді). Сарапшылардың пікірінше, “халық жағдайдың жақсарғанын, соның ішінде COVID-пен күрес жағдайында ілгерілеудің барын сезінеді”.

Бұл ретте экономикалық және ішкі саяси жағдайды басқару жөніндегі жұмысты, сондай-ақ халықтың қанағаттанушылығын сарапшылар жалпы рейтингте төмен бағалады (6-7 орын). Ақпараттық ашықтық та төмен – 10 орын (3,58).

Алайда, мұның бәрі болашақтың жоғары балымен (2 орын – 4,15) теңестіріледі

Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қызметі қарама-қайшылыққа толы. Екінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ол өз позициясын жақсартып, 12-орыннан 6-орынға көтерілді. Оның болашағы өте төмен бағаланған (16-орын – 2,67). Бұл ішкі саяси жағдайды басқару және халықтың қанағаттануы сияқты номинациялар бойынша жоғары баллдарға (4-тен жоғары) және экономикалық жағдайды басқару бойынша 4-орынға (3,97) ие болғанына қарамастан. Бірақ барлығы бірігіп, оған рейтингте 6-шы орнынға тұрақтауға мүмкіндік берді.

Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдерін бірыңғай кейс ретінде бағалады

Екінші жартыжылдық Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әкімдері — Алтай Көлгінов пен Бақытжан Сағынтаевтың позицияларының нашарлағанын көрсетті.

– Жекелеген номинациялар бойынша жинаған балдарының ұқсастығы бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдерін бірыңғай кейс ретінде бағалады деген қорытынды жасауға болады. Қалалардың ерекшеліктері және олардың әлеуметтік-экономикалық құрылымының артықшылықтары есепке алынбаған. Сарапшылардың пікірінше, бұл көбінесе екі қала басшыларының имиджінің нашар болуына байланысты. Мәселен, Сағынтаевқа “ағаштар кейсі беделіне нұқсан келтірген”. Ал Көлгінов “өзін-өзі таныстырамын деп артық кетті”, – дейді әлеуметтанушылар.

Екінші жартыжылдықта Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов рейтингінің айтарлықтай төмендегенін  (5-ші орыннан 12-ші орынға) көрсетті. Позицияның нашарлауы “халықтың қанағаттануы” (14-орын — 3,12) және “болашақ” (17-орын – 2,5) позициялары бойынша төмен балл алуына байланысты орын алған.

Жалпы, 2020 жылға арналған сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша өңірлердің барлық әкімдерін үш топқа бөлуге болады. Бәлкім, әкім Баталовты қоспағанда, оның жыл бойғы қызметі өте қарама-қайшы деп бағаланды. Сонымен, ол топтар төмендегідей:

  • бірінші топқа рейтингте позициясының өсуін көрсеткен әкімдер (Есқалиев, Қасымбек, Әйтенов, Сқақов) жатады;
  • екінші топқа рейтинг көрсеткіштері тұрақты әкімдер жатады (Сапарбаев, Шөкеев, Ақсақалов, Әбдіқалықова, Оразалин, Маржықпаев, Досмұхамбетов);
  • үшінші топта рейтингте позицияларының төмендегенін көрсеткен әкімдер (Мұхамбетов, Ахметов, Көлгінов, Сағынтаев, Тұрымов).
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз