Иә, санасын тұрмыс билеген қыз дейтін боларсыздар мені. Өйткені мен жігіттерді дәулетіне қарап бағалайтынмын, деп бастады әңгімесін Аида.
Жігіттің үйі, көлігі, жақсы жұмысы болғанда ғана тұрмысқа шығамын деп серт бергенмін өзіме кезінде.
Әжемнен естігенмін, ендігілер «дайын асқа тік қасық» болғысы келеді деп. Мен де сондай «тік қасықтың» бірімін. Күйеуіммен Алматыда модель-бизнесте бағымды сынап көріп, «Қала аруы» атағын алған кезде танысқанмын. Ол – өзінің жеке кәсібі бар, меценат, бай адам.
Екі бала да, омырауға салған имплант та, ернімдегі ботокс та, жапсырылған ұзын кірпіктерім де құтқармайды.
Мұндай некедегі көп әйелдер 40-жасқа дейін күйеулерімен ажырасып үлгереді.
Таныстарымның біразы солай. Маған да көп уақыт қалмаған тәрізді. Күйеуім ғашықтықты қайтадан басынан кешіріп, өзін жасырақ сезіндіретін, жаңа сезім сыйлайтын, жаңа жас ару іздеп жүрген шығар. Мен ше? Мен мүмкін филологтың дипломы мен кезіндегі сұлулық байқауының лентасын құшақтап қалармын.
https://kaz.365info.kz/k-jeuimni-k-zine-sh-p-salamyn-246658
Аиданың айтуынша, бай еркектердің әйелдері әркезде қорқынышпен өмір сүреді. Әдетте, оларды тұрмысқа жап-жас, балауса кезінде алады да, көп ешқайда шығармайды, әсіресе кәсібінен шалғайда ұстап, жолатпауға тырысады. Сондықтан олар күйеулерінің немен айналысатынын, қанша табыс табатынынан хабарсыз. Олардың қонақ күтіп, арнайы ортаға ғана шығып, үй қызметкерлеріне бұйрық беріп, бала тәрбиелеуден өзге қолдарынан түк келмейді.
Ажырастатын болса олар неменеге ие болады? Сондықтан кейбіреулері күйеулерінің сырттағы жүрістеріне төзеді.
– Олар, дәлірек айтқанда біздер, бәрін жоғалтып алудан қорқамыз: балаларды, зәулім үйімізді, байлық, дәулетті өмірді. Сондықтан кей әйелдер кейде отбасында бақытсыз болса да ажыраспайды.
Әрине барлық еркек ондай емес. Шын жақсы көріп, сүйіп қосылғандар да бар Бекзат мінезділер де бар. Дегенмен ірі бизнестегілер арасында өктем, қатал адамдар көп. Ондай еркектер бәрін өз бақылауында ұстайды. Не нәрсе ашса алақанында, жұмса жұдырығында. Серіктесі, немесе жалықтырған әйелінен құтылғысы келсе не істеу қажеттігін ертеден ойластырып қояды. Былайша айтқанда, “ойын” әркезде олардың ережесі бойынша жүреді және соңы ол қалағандай болады.
https://kaz.365info.kz/ojnas-khyzym-ottan-ystykh-edi-okingen-zhigit-syryn-akhtardy-267073
Менің күйеуім дәл сондай. Күйеуіммен бір нәрсеге келісе алмай қалсам, мен әркезде әйел ретінде күйеуіме бағынып, мойынсұнып, айтқанына көнемін. Себебі, менде бәрі бар, жегенім алдымда, жемегенім артымда.
Осының бәрінен айырылғым келмейді. Енді міне, күйеуімнің әлгіндей сөздерінен секем алып, қорқып жүрмін. Не істесем екен? Қандай амал жасасам болады? Онсыз да жусаннан аласа, бетегеден биік болып жүрмін.
Қай күні бақытсыздық келер екен деген қорқынышпен өмір сүру қиын екен.
Аяжан Төрехан
Тақырып VK-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқылануда